Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 03 Мамыр, 2017

Бұрын жол полицейін бойына қарап алатын, қазiр қолының ұзындығына қарайды – Нығматулин

Бүгiн Мәжiлiстiң жалпы отырысында депутаттар «Жол жүрiсi туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерiстер енгiзу туралы» ҚР Заңының жобасын екiншi оқылымда мақұлдады. Отырыста Мәжiлiс төрағасы Нұрлан Нығматулин полицейлердiң «ала таяғы» жұртшылық арасында әлi күнге дейiн қызу талқыланып жатқанын әзілмен жеткізді, деп хабарлайды Baq.kz тiлшiсiне сілтеме  жасаған Kazgazeta.kz.

 «Полицейлердiң «ала таяғына» қатысты жұрт «бұрын жол полициясына қызметкерлердi бойына қарап алатын, қазiр қолының ұзындығына қарап алады. Бұл полицейлердiң жол қиылысында жақсы көрiнуi үшiн қажет» деп айтып жүр», - деп әзiлдедi Нығматулин.

Ал заң жобасын таныстырған Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетiнiң мүшесi Қанат Мусин көлiк жүргiзушiсiнiң автомобильдi тоқтатқан полицейлердiң әрекетiн фото және видеоға түсiру құқығы заң жүзiнде бекiтiлгенiн айтты.

«Заң жобасы ашық түрде талқыланып, бiрқатар өзгерiс енгiзiлiп, қажетсіз тұстары алынып тасталды. Мысалы, ендi жол полицейлерiнiң көлiктi тоқтатқаннан кейiнгi мiндеттерi заң жүзiнде бекiтiледi. Көлiктi тоқтатқаннан кейiн жолпол қызметкерi көлiкке келiп, өзiн таныстырып, куәлiгiн көрсетуi тиiс. Сондай-ақ, транспортты не үшiн тоқтатқанын түсiндiрiп, техникалық құралдар қолданылған болса, олардың мәлiметтерiн көрсетуi қажет. Бұған дейiн аталған мiндеттердiң барлығы iшкi iстер министрiнiң бұйрығында ғана белгiленген, шынын айтқанда, ол кезде әрдайым орындала бермейтiн», - дедi Мусин.

692 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз