Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 03 Шілде, 2017

China News Астанада өтіп жатқан EXPO 2017 көрмесінің маңыздылығын атап кетті

«Чайна Ньюс» қытайлық интернет басылым төрткіл дүниеде жасыл технологияларды дамытудағы Астанада өтіп жатқан EXPO 2017 көрмесінің маңыздылығын атап кетті. Осы шараға мақала арнаған авторлардың пікірінше, Қазақстан секілді Қытай да дәстүрлі энергия көздерінен тәуелділігін азайтуға тырысып жүр.

Сондықтан Қытай тарапының EXPO 2017 қатысуы осы бағытта екі ел арасында тығыз серіктестіктің орнауына септігін тигізеді.

«Астанада өтіп жатқан EXPO 2017 көрмесі болашақ технологиялардың дамуына күшті серпін береді. Тақырыбы да көрегендікпен таңдалған. Сонымен қатар, ол Қазақстанға дәстүрлі энергия көздерінен тәуелділігін азайтуға жол ашады», – делінген мақалада.

Хабар 24

752 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз