Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Басты ақпарат
  • 04 Шілде, 2017

ЭКСПО-2017: Египет Астанаға алып пирамидасын әкелді

ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында Мысырдың ұлттық күні өтті, деп хабарлайды BAQ.kz тілшісіне сілтеме жасаған kazgazeta.kz.

 «Болашақ энергиясы» атауымен ұсынылған Қазақстандағы бірегей көрме барысында баламалы энергия көздерін пайдаланудан алғашқы ондыққа кіретін Мысыр елі ұлттық күнін өткізді. Сахараның сайын даласын еркін иеленген мәмлүктер елі 1913 жылдан бері күн панелін пайдаланып келеді. Демек бұл салада ежелгі перғауындар елі ғасырға жуық тарихы бар, тәжірибеге бай ел деген сөз.

Ел тұрғындарының 8 пайыздан астамы қазірдің өзінде баламалы энергия көздерін пайдаланады. Бұл көрсеткішті мысырлықтар алдағы 5 жылда көбейтуді көздеп отырғанын байқадық. Нақтырақ айтар болсақ, мысырлықтар Египетті екіге бөліп жатқан Ніл өзенін су электр станциясына, ал SUES каналын жел энергиясының көзіне айналдырмақшы. Ал Мысыр сол 1913 жылдан бері онсыз да күн энергиясын пайдаланып келе жатқандығы мәлім. Алайда алдағы уақытта бұл бағыт үшін Сахара шөлін де пайдалану жоспарлануда.

Ал бүгін ұлттық күні өтіп жатқан мысырлықтар өздері мақтан тұтатын алып Пирамидаларын Астанаға арқалай келіпті.

«Табиғатта таусылмас төрт энергия бар. Ал біз ұсынып отырған Пирамиданың төрт қабырғасында сол 4 энергия көрсетілген. Пирамиданың ең ұшар ұшында адам энергиясы бейнеленген. Бұл табиғаттың байлығын танытар төрт энергияны тұтынушы адам ресурсы екенін білдіреді», - дейді ұйымдастырушылар.

860 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз