Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 07 Шілде, 2017

Миллионыншы билеттің иесі «ЭКСПО» көрмесін тамашалады

«ЭКСПО» халықаралық көрмесінің миллионыншы билетін сатып алған ОҚО тұрғыны Қайрат Мамаев көрмені аралады, деп хабарлайды elorda.info.

 «ЭКСПО» көрмесінің миллионыншы билетін сатып алған Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғыны Қайрат Мамаев Астана күні қарсаңында көрме қалашығын аралады.

Сәтті билетті сәуір айында сатып алған ол Астанаға арнайы келген екен. Шымкенттегі жоғары оқу орындарының бірінде инновациялық технологиялар жөніндегі проректор болып қызмет етеді.

«ЭКСПО көрмесіндегі инновациялық жаңалық пен ғылыми ізденістерді тамашаладым. «Нұр әлем» сферасы мен шетелдік павильондардың әлеуетімен таныстым. Миллионыншы билетті сатып алған кезде көрме әкімшілігі Астанаға арнайы шақырып, қонақ етті, бағалы сыйлықтар берді»,- дейді ол.

677 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз