Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 11 Шілде, 2017

ЭКСПО: Шетелдіктерді күтіп алып, шығарып салуда ТЖ болған жоқ

ҚР ІІМ Көліктегі ішкі істер департаментінің жеке құрамы «ЕХРО-2017» халықаралық көрмесін өткізу кезінде құқықбұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу мақсатында күшейтілген режімде жұмыс істеуде. ҚазАқпарат агенттігіне мәлім етілгендей, бүгінде департаменттің қадағалау аумағында, яғни «Астана-1» және «Нұрлы жол» теміржол вокзалдары мен «Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайында» ахуал тұрақты.

  Қоғамдық тәртіпті сақтау, әуе және теміржол көліктерімен қатынайтын жолаушылардың, соның ішінде шетелдік қонақтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге департаменттің жүзден аса қызметкері күнделікті жұмылдырылады.

«Есепті мерзім ішінде қабылданған шаралардың нәтижесінде шетелдік қонақтар мен делегацияларды күтіп алу мен шығарып салу кезінде төтенше оқиғаларға жол берілген жоқ», - делінген таратылған хабарламада.

Көліктегі ІІД бастығының орынбасары полиция полковнигі Талғат Өтетілеуовтың айтуынша ағымдағы жыл басынан бері еліміздің көлік полицейлерімен 29772 құқық бұзушы анықталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Атап айтқанда, ұсақ құқық бұзушылық үшін - 849, қоғамдық орындарды ластағаны үшін - 495, алкогольді ішімдіктерді ішкені үшін - 3516, белгіленбеген орындарда темекі шеккені үшін - 2238, белгіленбеген орындарда сауда жасағаны үшін - 2058, қоғамдық орындарда адамның мазасын алғаны үшін - 326, оның ішінде таксистер - 153  және т.б.

Т.  Өтетілеуовтің атап өтуінше, «ЕХРО-2017» көрмесіне дейін Астана қаласының теміржол вокзалдарындағы жолаушылар ағыны 11-12 мың адамды құраса, бүгінде олардың саны 19 мыңға жетті.

Басшылық құрамдағы жауапты лауазымды тұлғалар кезекшілікке бекітілген. Қылмыстарды анықтау, орын алған оқиғалардың  «ізін суытпай ашу» бойынша қосымша жедел-тергеу топтары құрылды. Бұдан бөлек, республикалық және халықаралық бағыттағы барлық пойыздарға департаменттің қызметкерлері ілесіп жүреді.

 «Сондай-ақ, Кинологиялық қызмет орталығының қызметкерлері қызметтік-іздестіру иттерінің көмегімен перрондар, вокзалдар мен әуежайлардағы жүк бөлімшелерін, жүк сақтау қоймалары мен күту залдарын ұдайы тексеруден өткізуде», - деді полиция полковнигі.

ҚР ІІМ Көліктегі ІІД-нің жеке құрамы 10 қыркүйекке дейін күшейтілген режімде жұмыс істейді.

656 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз