- Басты ақпарат
- 12 Шілде, 2017
Қазақстан кибершабуылдарға дайын болуы керек – Нұрсұлтан Назарбаев
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Қауіпсіздік кеңесінің отырысы өтті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Қазақстан Президенті қазіргі кезде цифрлық технологияларды енгізудің маңыздылығына тоқталып, бұл ретте кибер қауіп-қатерге және ақпараттық технологияларды заңсыз пайдалануға қарсы тұру қажеттігін атап өтті.
– Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар адам өмірі мен мемлекеттің барлық саласында кездеседі. Сондықтан мен «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты жолдауда цифрлық технологияларды дамыту мақсатын қойдым. Оның пайдасы зор, бірақ оны енгізумен бірге кибершабуылдар жасау қаупі де туындайды. Сол себептен Қазақстан оған дайын болуға тиіс, – деді Елбасы.
Нұрсұлтан Назарбаев жиынға қатысушылар назарын еліміздегі және әлемдегі террористік топтардың деструктивті әрекеттерінің салдарларына аударып, оларға қарсы тиімді жұмыстар жүргізуді бір жолға қою қажеттігін айтты.
Соңында Мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырма берді.
788 рет
көрсетілді0
пікір






