Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 17 Шілде, 2017

EXPO қалашығында Комор аралдары ұлттық күнін тойлады

ЭКСПО қалашығында Комор аралдары ұлттық күнін тойлады.

Кәрі құрлықтың шығысында орналасқан бұл мемлекетті таныстыруға Сыртқы істер министрлігі және Ынтымақтастық одағының бас хатшысы Әли Мұхамед Сойлихи мырза келді. Шара басында африкалық ел мен Қазақстанның әнұрандары орындалып, мемлекеттік тулары көтерілді. Бүгінде Үнді мұхитында жатқан архипелагтағы халықтың саны – 900 мың. Дені ауылды аймақтарда тұрғандықтан, ел экономикасы ауыл шаруашылығына негізделген. Комор одағы көбіне ваниль, иланг-иланг және қалампыр сияқты өсімдіктерді экспорттайды. Соңғы он жыл бойы мұнда электр қуатымен қамтамасыз ету мәселесі шешімін таппай жатыр. Тіпті Комор аралдары түгелдей жарықсыз қала жаздаған күндер де болыпты. Қазір ел президенті бұл мәселені шешудің жолын тапқан сияқты.

Әли Мұхамед Сойлихи, Комор аралдары Сыртқы істер министрлігі және Ынтымақтастық одағының бас хатшысы:

– Бүгінде біз «Комор аралдары-2030» атты ұлттық жоспарды жүзеге асыруды қолға алдық. Бұл ел экономикасын қайта қалпына келтіріп, әлеуметтік дамуға серпін бермек. Біздің президент былтыр электр қуатымен қамтамасыз ету мәселесін шешу үшін халықаралық ынтымақтастық көздерін іздеуге кірісті. Комор аралдарына қаржы тартып, электр станцияларын салу көзделген. Ал «Астана ЭКСПО-2017» көрмесі біз үшін энергетикалық проблеманы шешуге жақсы мүмкіндік береді деп ойлаймын.

24.kz

1093 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз