- TENGE MONITOR
- 04 Наурыз, 2010
Құнарлы ойдың қанаты Ақан сері Жай жату тек бүгінгі жанның қамы
Болғанда мұндай күйде заманымыз,
Жай жатып сахарада қамалымыз.
Болыс, би е пен шәйға мәз болуда,
Қайткенде тура жолды таба аламыз.
Үйренген халықпыз ғой шегіншекке,
Кәсіпсіз сахарада еріншекке.
Байлар жүр малша күйсеп, малын айдап,
Ұйқымен өмірі өтіп тектен текке.
Жай жату тек бүгінгі жанның қамы,
Қаперсіз шөп жейтұғын малдың қамы.
Өзді-өзін талап жеген әлі жетсе,
Хайуан сахарада аңның қамы.
«Жеті ғасыр жырлайды» кітабынан

1670 рет
көрсетілді0
пікір