Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 21 Шілде, 2017

«ЭКСПО» қонақтары қазақ қолөнеріне таңдай қағуда

«ЭКСПО-2017» көрмесіне келушілерге арналған «Этноауыл» дәстүрлі мәдени қалашығында күн сайын қазақтың театр және музыка өнерінің фестивальдері, сәндік-қолданбалы өнер бойынша шеберлік сыныптары, қолөнер және көркемөнер көрмелері, ұлттық спорт жарыстары өткізіліп тұрады. Әсіресе, қазақ қолөнер шеберлерінің қолынан шыққан ұлттық бұйымдар мен кәдесыйлар шетелдіктерді таңғалдыруда. «Этноауылда» тігілген ақшаңқан үйлердің үшеуі белгілі зергер, халықаралық Карл Фаберже орденінің иегері Берік Әлібайдың қолөнеріне арналған. Зергерлік, өрімшілік және киіз басу бойынша қонақтарға қолөнер бұйымдарын ұсынған киіз үйлерді біз де тамашалап, таңдай қақтық.

 Бүгінде әдемі әшекейлерін Иордания пат­шайымы Рания ханымға дейін тағып жүрген шебердің ізін жалғар шәкірттері де аз емес. Үш киіз үйде орналасқан Зергерлік, өрімшілік және киіз басу өнерін көрсетіп, шеберлік сабақтарын өткізіп жатқан да сол шәкірттері болып шықты.

«ҚР Мәдениет және спорт министрлігі мен Астана әкімдігінің қолдауымен біз осында үш үй тігіп, көрме жасап отырмыз. Зергерлік бұйымдар қойылған киіз үйде өзіммен қоса ұлым әшекейлер жасап, шеберлік дәрістерін өткізсек, келесі киіз үйде шәкіртім Асқат тері өнімдерінен ұлттық бұйымдар жасау және өрімшілік бойынша жұртшылыққа өнерін көрсетуде. Ал келесі үйде қызым Әнел киізден жасалған ұлттық бұйымдарды халыққа жайып салуда»,- дейді Берік зергер.

Белгілі қолөнер шеберінің айтуынша, ұлттық бұйымдарға деген жұртшылықтың қызығушылығы ерекше екен. Әсіресе, ЭКСПО-ға келген шетелдік қонақтар қазақ қолөнеріне тәнті көрінеді.

«ЭКСПО-ға келген шетелдіктер біздің бұйымдарды таңғала тамашалап, ерекше қызығушылықпен сатып алып жатыр»,- дейді Берік Сәтінбекұлы.

Фото, видео автордікі.

 Дереккөз:Baq.kz

3158 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз