Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 04 Тамыз, 2017

Миланның вице-мэрі ЭКСПО көрмесіне келді

Астана қаласы әкімінің орынбасары Ермек Аманшаев өзінің итальяндық әріптесі Анна Скавуццомен кездесті, деп хабарлайды Вnews.kz елорда әкімдігіне сілтеме жасап.

Астана қаласында өтіп жатқан ЭКСПО көрмесінің даярлығы кезінде итальяндық елшілік қазақстандықтармен тығыз қарым-қатынас орнатып, әріптестік орнатты.

 - Астана Миланда өткен «ЭКСПО-2015» әлемдік әмбебап көрмесіне дайындық барысын мен аталмыш шараны өткізудің тәжірибесін қабылдады. Бұл тұрғыда мен елшінің белсенді жұмысын және екі қала арасында байланысты кеңейту бойынша, әсіресе ЭКСПО-2017 көрмесін өткізу кезінде Италия елшілігі қызметкерлерінің жұмысын атап өткім келеді. Алдағы уақытта бұл байланыс тек арта түседі деген сенімдемін, - деді Ермек Аманшаев.

Естеріңізге сала кетейік, Италияда «EXPO MILANO-2015» көрмесінің жабылу салтанатында ЭКСПО жалауын Қазақстанға тапсыру рәсімі өткен болатын. ҚР Ұлттық павильоны «Тақырып пен контентті аша білу» аталымы бойынша ең үздік павильондардың үштігіне кірді. Сол кезде Италия Республикасының президенті  Серджио Матарелла «Астана ЭКСПО-2017» көрмесін өткізуде еліміздің алдыңғы қатарға шығатынына сенім білдірген еді.

Қала әкімі орынбасарының сөзіне қарағанда, 2015 жылы Астана күні мерекесіне елордаға сапарлап келген Миланның мэрі Джулиано Пизапианың қадамы Астана мен Италия арасында орын алған маңызды оқиғалардың бірі.

Естеріңізге сала кетейік, 2015 жылы Астана мен Милан арасында өзара түсіністік жөнінде және қалалық азық-түлік саясатының Милан Конвенциясы меморандумына қол қойылған болатын.

Өңіраралық әріптестіктің дамуына Астана мен Италияның қалалары және өзге де өңірлерімен ынтымақтастық жөнінде келісімге қол қоюы септігін тигізуде.

Италия - еліміздің экономикасына пайдасын тигізіп отырған ірі инвесторлардың бірі.  Мемлекеттер арасында - ҚР сауда әріптестері арасында үшінші орынды, еуропалық елдер арасында бірінші орынды иеленеді.

670 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз