Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Басты ақпарат
  • 05 Тамыз, 2017

«ЭКСПО-2017» көрмесіне 2 миллионыншы қонақ келді

Әлемнің 115 мемлекеті қатысып жатқан «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесін тамашалауға келген 2 миллионыншы қонақ анықталды, деп хабарлайды Baq.kz тілшісіне сілтеме жасап  kazgazeta.kz.

 Сағат 20:21-де ЭКСПО-ның төрт өткізу бекетіне орнатылған бейнебақылау камералары мен есептеуіштері 2 миллионыншы келушіні тіркеді. Ол – Орал қаласының тұрғыны, өндірістік сала қызметкері Ғайса Жұмалиев. Ол өзін көрменің 2 миллионыншы қонағы боламын деп күтпеген.

«Мен өте қуаныштымын. Барлығы аяқ астынан болды. Билетті жаңа «Мегадан» кешке жеңілдікпен 2500 теңгеге сатып алдым. Чехия павильонын аралап үлгердім. Shell павильонын аралағалы жатқанмын. Бірақ мені «ЭКСПО-2017» баспасөз орталығына журналистермен кездесуге алып келді. Мен мұндайды күткен жоқпын. Оралда тұрамын. Егіз балам бар», - деді Ғайса Жұмалиев.

«ЭКСПО-2017» медиа-орталығында «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясының басқарма төрағасы Ахметжан Есімов 2 миллионыншы қонақты өзі құттықтады. Ол Ғайса Жұмалиевке бағалы сыйлықтарды табыстады.

«Бүгін «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы үшін айтулы күн. Алдымызға қойған меже 2 миллион болатын. Сол мақсат бүгін орындалды. Ғайса «ЭКСПО-2017» көрмесінің 2 миллионыншы қонағы атанды. «ЭКСПО-2017» көрмесінің аяқталуына әлі де бір ай уақыт бар. Елбасының жобасы ойдағыдай жүзеге асуда», - деп түйіндеді сөзін төраға.

Естеріңізде болса, Астанада өтіп жатқан "ЭКСПО-2017" халықаралық мамандандырылған көрмесіне 2,5 млн адам келеді деп жоспарланған болатын.

700 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз