Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 14 Тамыз, 2017

EXPO басталғалы медициналық көмекке жүгінген шетелдік қонақтардың саны артып отыр

Астаналық дәрігерлер EXPO-ға келген 6 шетелдік қонақты ажалдан аман алып қалды. Яғни, бүгінге дейін осынша мейман шұғыл ауруханаға жатқызылып, қажетті емін алып үлгерген. Ал халықаралық көрме басталғалы медициналық қызметке жүгінген өзге ел азаматтарының жалпы саны 200-ден асады.

Астананың нөмірі 2-ші ауруханасына шетелдік азаматтардың айтар алғысы шексіз. Өйткені жергілікті дәрігерлер талай қауіпті аурудың бетін қайтарды. Мәселен, мына травматология бөліміне күн сайын орта есеппен 10 адам келсе, оның кемінде 1-2-еуі шетелдік болады екен.

Бейбіт Төлеуханов, қалалық №2 аурухананың дәрігері:

– EXPO көрмесі басталғалы біздің көмегімізге жүгінген шетелдіктер көп. Әсіресе сіңірін созып алғандар мен аяғын соғып алғандар жиі келеді. Біз оларды осы жерде тыңғылықты тексеріп, қажетті жәрдемді көрсетеміз. Шұғыл көмекке мұқтаж болғандардың бірі – мына Иордания азаматы. Оның оқыста аяғы сынып, уақыты өте асқына түскен. Астаналық дәрігерлер оған имплант орнатып берді.

Мухаммад Жада, науқас /Иордания/:

– Осында жатқаныма бүгін 3-ші күн. Жағдайым тәуірленіп қалды. Медицина мамандары жақсы жәрдем көрсетті. Мухаммад сияқты EXPO басталғалы Астанадағы нөмірі 2-ші аурухананың өзіне 206 шет ел азаматы хабарласқан. Олар түгелдей тексеріліп, қауіпті дегендерді аурухана әкелді.

Кристина Мещерякова, науқас /Ресей/:

– Мәселен, мен Қазақстанда жүріп, ауруханадан бір шығам деп мүлде ойламағанмын. Аяқасты сол бүйірім қысып, ауру дендей берді. Болмаған соң дәрігерлерге хабарластым. Сонда ғана оның несеп тас ауруы екенін бір білдім. Шұғыл көмек көрсетілді.

Қазір денсаулығым жақсы. Дәрігерлердің өзі науқастарды шетелдік не қазақстандық деп бөлмейді. Көрсетілетін көмектің бәріне бірдей екендігін айтады. Тек шетел азаматтары ем-домды ақылы негізде алады. Ал жерлестеріміз үшін кепілдендірілген медициналық көмектің аясында барлығы тегін.

24.kz

1388 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз