- TENGE MONITOR
- 11 Наурыз, 2010
Мейрамбектің термелері

Соңғы кездері Мейрамбек Беспаевтың орындауындағы термелерді жиі құлағымыз шалып жүр. Сонау Арқаның төсіндегі Көкшетауға барған сапарымызда оның жүрек тербейтін қоңыр дауысын Бурабайдағы Абылайхан алаңынан естідік.
Абылайхан алаңындағы дауыс зорайтқыш құрылғысынан шыққан толғаулы термелер тұла-бойды шымырлатады. Табиғаттың көркем көріністері мен қазақтың сазды әуенінің тоғысқан жері осы шығар. Әдетте, жастар терме-толғаулар көп тыңдай бермейді. Ал Мейрамбектің орындауындағы термелерді жатқа соғатын жастарды лек-легімен көргеніңізде еріксіз таңдай қағасыз. Міне, өнердің тәрбиелік мәні осы жерден көрініс табады. Қаншама жасөспірімдер осы термелермен әлдиленді, қазақы сазды сезінді, тәлімін түйсінді, жүректері жібіп елжіреді екен? Қисапсыз көп шығар... «Алланың бары – ақиқат», «Майлықожаның термесі», «Дүние жалған», «Шал ақынның термесі», «Қызым саған айтамын», «Қайрау», «Туған жер туралы толғау», «Жақсы бір адам қартайса», «Қазағым», «Иман», «Құмған алған», «Туған жер», «Өмір өтті зырғып алға» секілді терме-толғаулар рухани әлемді бір серпілтіп тастағандай болды. Бұл термелерден имандылық, туған жерге деген махаббат, өмір туралы өрнекті ойлар мен кесек тіркестерге сәт сайын ұшырасып отырасыз. Әсіресе, «Қызым саған айтамын» деген терменін қыз балалар үшін тәрбиелік мәні зор. Әрбір қыз – болашақ ана. Ананың ақ сүтімен берілетін үлгі-өнегенің орны ерекше. Толғау қазақтың әдет-ғұрыптарын сақтауға үндейді. Терме тыңдап ойланайық, ертеңімізді ойға алайық...

2490 рет
көрсетілді0
пікір