- Өзекті
- 02 Сәуір, 2018
«Кардеш калемлер» журналы Мағжанға арналды
Еуразия Жазушылар қауымдастығына қарасты «Кардеш калемлер» журналы қазақ әдебиеті мен мәдениетіне ұдайы көңіл бөліп, екі елдің арасындағы ынтымақ, береке-бірліктің артуына өз үлесін қосып келе жатқаны көзі қарақты оқырманға жақсы таныс. Аталған журнал Қазақстан Республикасы Мәдениет саласының үздігі, Жамбыл атындағы Халықаралық сыйлықтың және «Қазақстанның дипломатиялық қарым-қатынастарына – 25 жыл» мерейтойлық медалінің иегері, жазушы Якуп Омароғлы басқаруымен шығатыны белгілі.
Анкара қаласында жарық көретін басылым осыған дейін Сүйінбай, Жамбыл, Бердібек Соқбақбаев, Шерхан Мұртаза, Олжас Сүлейменов, Рахымжан Отарбаев, Нұрлан Оразалин, Есенқұл Жақыпбектің шығармашылығын насихаттау мақсатында арнайы нөмір шығарса, кезекті санын Алаш қозғалысының қайраткері, көрнекті ақын, публицист Мағжан Жұмабаевтың 125 жылдығына арнап отыр.
http://anatili.kazgazeta.kz/?p=47543
886 рет
көрсетілді0
пікір







