- TENGE MONITOR
- 31 Наурыз, 2011
Астың дәмін кіргізер...
Әр үйдің дастарханындағы тағамның дәмін кіргізетін «3 желания» - «Провансаль», «Оливковый», «Парижанка», «Оливьез» сынды майонездер мен күнделікті қолданатын майларды шығаратын – «Евразиан Фудс Корпорэйшн» АҚ. Қазақстан аумағында өсімдік майлары мен майонез, тұздықтарды өндіретін компания ел өнеркәсібінің айнымас бөлігіне айналып, көшбасшы атанып келеді.
Компанияның бастапқы тарихына көз жүгіртер болсақ, зауыт 1962 жылдың 11 маусым айынан бастап маргарин өнімдерін тек Қазақстанға емес, сонымен қатар Өзбекстан, Түркменстан, Тәжікстан мен Қырғызстан мемлекеттеріне де жеткізіп отырды. Ал 70-жылдары өндірісті модернизациялаудың нәтижесінде зауыт майонез өнімдерін шығарумен айналыса бастайды. Шығарылған өнімдері экологиялық таза және қауіпсіз қамтылған. 1997-2004 жылдар аралығында зауытқа толығымен жүргізілген техникалық жаңартулар нәтижесінде әлемдік сапалы маркалы құрылғылары орнатылды. Соңғы он жылдың ішінде зауыттың негізгі құралдары 86%-ға жаңартылып, қалпына келтірілді. Бүгінгі таңда «Евразиан Фудс Корпорэйшн» акционерлік қоғамы заманға сай құрал-жабдық және технологиялармен жабдықталған. Осы сапалы құрылғылар арқылы дүние жүзінің жоғары талаптарына сай өнімдердің сапасына жауап бере алады. Германия, Австрия, Швейцария сынды дамыған елдердің жабдықтары компания жұмысын алға қарай жылжытуда. Зауыттан шығатын өнімнің сапасы мен қауіпсіздігін тұрақьы бақылап отыру мақсатында өндірістің тіркелген лабораториясы құрылған. Сондай-ақ, өндірілетін өнімге ең алдымен санитарлы-гигиеналық деңгейдегі микробиологиялық бақылаудан өтіледі, осы арқылы шыққан өнімнің тазалығына ерекше мән беріледі. «Евразиан Фудс Корпорэйшн» АҚ – халықаралық және республикалық көрмелерге қатысып, көптеген марапаттарға ие болды. Жыл сайын Алматы қаласында өтетін «Қазақстандағы жыл таңдауы» байқауында компанияның майонез №1 – «Провансаль», кетчуп №1 – «Классический», өсімдік майы – «Шедевр» төрт аталым бойынша бағаланды. Сонымен қатар бұл компанияны «Керемет өнім» сапасы бойынша бірнеше алтын медалдарды алған. «Inter Food Astana 2010» көрмесі аясында компания өнімдері бірінші орынға шығып, алтыннан алқа тақты. Қыркүйек айында Бішкек қаласында өткен «АгроПродЭкспо 2009» халықаралық көрме-жәрмеңкесінде «Парижанка» майонезі алтын медальмен марапатталды. «3 желания» мен «Шедевр» сынды отандық өнімдеріміз тек Қазақстанда ғана емес, Қырғызстан мен Өзбекстан мемлекеттерінде де алда келеді. Жаңа өнімдер мен технологияларды жасау мақсатында, Инновациялық технологиялық лаборатория базасында күнделікті жұмыстар атқарылып отырады. Осының өзі өнім ассортименттерінің түрленуіне, тұтынушылардың талғамынан шығатын тауар өндіруіне мол септігін тигізіп отыр. «Евразиан Фудс Корпорэйшн» компаниясының жиырмаға жуық филиалдары еліміздің басты қалаларында орналасқан. Ресей Федерациясы мен Қырғыз елінде компанияның жеке меншік басқару орталығы жұмыс жасауда. ТМД елдері мен Тәжікстан, Өзбекстанның беделді компанияларымен іскери байланыс орнатылып, сатылымның көлемі ұлғайтылып келеді. Егемендігін алып, еңсесін тік көтерген Қазақ жерінде «Қазақстанда жасалған» деген атпен шығатын отандық өнімнің сапасының жоғарылап, беделінің биік болуы әр қазақтың қуанышы екені рас. Ендеше тағамды талғап жейтін ағайынның ақ дастарханында отандық өнім көбейе берсін. Мақпал Сағындыққызы.
852 рет
көрсетілді0
пікір







