- TENGE MONITOR
- 07 Маусым, 2018
Шағын кәсіпорындар жабылып жатыр

Осы жылдың қаңтар-наурызында отандық шағын бизнес саласында 3,7 мың кәсіпорын жабылған. Бұл 2017 жылдың салыстырмалы кезеңінен (1,5 мың) 2,5 есе көп. Өз қызметтерін негізінен шаруашылық серіктестіктері доғарады екен, бір жылда бұлардың саны 1,9 мыңға азайған, деп хабарлайды finprom.kz сайтынан (1-инфографика).
Аймақтарға шаққандағы 2018 жылдың 1-тоқсанындағы шағын бизнестен шығудың неғұрлым көбі Алматыда тіркелген – осыдан бір бұрынғы 324-тен 1,7 мыңға жеткен. Одан кейінгі орында ОҚО – бір жыл бұрын 124 болса, биыл 290 шағын кәсіпорын жоюға ұшыраған. Жайсыз «жеңімпаздардың» үштігін ШҚО түйіндейді – 2018 жылдың қаңтар-наурызында 236 шағын заңдық тұлға жойылған (2017 жылдың қаңтар-наурызы – 147 компания). Сондай-ақ Астанада да жойылған шағын кәсіпорындар саны өсіп кеткен – олардың саны 213-ке азайғанымен, бұл бір жыл бұрынғыдан, 30 жойылған кәсіпорынға артық. Жойылған шағын заңдық тұлғалар саны тек Атырау облысында ғана азайған – бір жыл бұрынғы 40-тың орнына 31 компания (2-инфографика).
Шағын заңдық тұлғалардың негізгі жойылуы көтерме және бөлшек сауда, автомобильдер мен мотоциклдер жөндеу буындарында шоғырланған – 1,4 мың (38,4%). Одан әрі құрылыста – 290 компания (7,9%).
Кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет салаларында және өңдеуші өнеркәсіпте жойылған шағын кәсіпорындар саны тиісінше 262 және 252 (салыстырмалы ауқымы – 7,2% және 6,9%) құраған.
Жоғарыда аталған соңғы бес құрылымның үлесі – 66,1% немесе жойылған шағын кәсіпорындардың 2,4 мыңы (3-инфографика).
Жойылып үлгерген шағын заңдық тұлғалардан өзге, 4,8 мың шағын кәсіпкерлікпен айналысатын тұлғалар (бір жыл бұрын – 4,3 мың) жойылу үдерісі үстінде.
Шағын бизнестен шыққалы жатқан іскерлердің саны жағынан басым көпшілігі Алматыда шоғырланыпты – 825-і. Алайда, соңғы жылда олардың саны азайған, өйткені бір жыл жыл бұрын 929 шағын заңдық тұлға жойылу үдерісі үстінде болған екен.
Қостанай облысында, керісінше, шағын кәсіпкерлік қызметінен бас тартқысы келетіндер саны өсіп келеді – бір жыл бұрынғы 670-ке қарағанда 727 компания. Жағымсыз ТОП-3 «үздіктерді» Қарағанды облысы қорытындылаған – 513 шағын кәсіпорындар жойылуын күтуде, бір жыл бұрын олардың саны 670 болған екен (4-инфографика).
Өздеріңіз аңғарғандай, шағын кәсіпкерлік саласы шын мәнінде аса күрделі жағдайда күй кешуде. Бұл, әрине, шұғыл шешімін күткен мәселе екені даусыз. Жалпы бизнес мәселесін таяуда ғана Алматыда өткен алқалы жиында – CFO Summit 2018 – Қазақстандағы қаржылық жүйе дамуының келешегін, соңғы өзгерістер мен көрсеткіштердің құбылу үдерісін және жаңашылдықты, сондай-ақ еліміз экономикасының басқа да келелі мәселелерін зерделеді.
Исатай ҚАМБАРОВ

3050 рет
көрсетілді0
пікір