- TENGE MONITOR
- 31 Наурыз, 2011
Апта тынысы Әдебиет «Тәуелсіздік және халықаралық публицистика» көрмесі ашылды
Белгілі публицист, тарихшы, теолог Бақыт Рүстемовтің «Тәуелсіздік және халықаралық публицистика» атты көрмесі ашылды. Ел тәуелсіздігінің 20 жылдық мерейтойына арналған көрме қазіргі заманғы өнер мұражайында өтіп жатыр.
Осы уақытқа дейін Бақыт Рүстемов - Латын Америкасының ойшылы Хосе Марти еңбектерін, Куба революциясының көсемі Фидель Кастро, әлемге әйгілі ғалым Эрнст Мулдашевтің, сондай-ақ исламдық әлемнің діни қайраткері Мирза Тахир Ахмадтың және басқа да авторлардың еңбектерін аударған танымал жазушы. Аталған көрмеге жазушының өмірінен сыр шертетін фото-шежіре, құнды жәдігерлері мен жарық көрген кітаптары қойылған. Бақыт Рүстемов: «Халықаралық публицистика – тәуелсіздік алғаннан кейін ғана біздің қоғамның мәдени өмірінде пайда болған тың құбылыс. Тәуелсіздік таңы атысымен бізде халықаралық журналистер пайда болды. Қазіргі таңдағы қазақ журналистикасының өресі биік, деңгейі жоғары, әсіресе соңғы он жылда қазақ журналистикасы деңгейінің біршама өскендігін мақтаныш етемін», - деді.
Білім Павлодарлық мектептер 12 жылдық білім алуға дайындалып жатыр ЖОО баспасөз қызметінің хабарлауынша, Павлодар қаласында «Қазақстанның 12 жылдық мектебі. Аймақтық мәселелер мен перспективалар» атты педагогикалық оқулар өткізілді. Бұл шара Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтында орын алды. Осы облыста 12 жылдық білім беру үлгісіне көшу жұмыстары кеңінен атқарылуда. Атап айтсақ, эксперименттік мектептер жұмыс атқаруда, ұстаздарды даярлау мазмұны өзгертілуде, ЖОО-ның білім беру бағдарламаларына түлектерге жаңа жағдайда жұмыс жасауға мүмкіндіктер берілуде. Педагогикалық оқулар барысында ұстаздар баяндамаларын жасап, бірнеше мәселелерді алға қойды. Яғни алты жастағы балаларды оқытуда оларлың денсаулығына зардап келмеуі үшін денсаулық сақтау технологияларын енгізу төңірегіндегі жағдайларды көтерді. Мәдениет Астанада Иран суретшілерінің көрмесі өтті Астана қаласының ҚР Президенттік мәдениет оралығында Иран суретшілерінң көрмесі өтіп жатыр. Аталған шараны ҚР Президенттік мәдениет орталығы мен Иран Ислам Республикасының Қазақстандағы Елшілігі екі елге де ортақ мереке – Наурызды ұлықтау мақсатында ұйымдастырылып отыр. Иран елінің халықаралық дәрежедегі танымал өкілдері Салеһи, Эсмати, Хоррами, Аджами, Сардахи сияқты суретшілерінң миниатюра, каллиграфия, графика, иллюстрация секілді туындылары қойылды. Көрменің ашылу салтанатында сөз сөйлеген ҚР Мәдениет вице-министрі Асқар Бөрібаев: «Ұлы Еуразия аумағында сан ғасырлар бойы қатар өмір сүріп келе жатқан иран мен қазақ халықтары арасында мәдени ұқсастықтар көп. Соның бірі көне заманнан бері тойланып келе жатқан Наурыз екендігі баршамызға белгілі. Әлемдік өркениеттің дамуына орны толмас үлес қосқан иран халқының бай мәдениетін танытатын осы шара екі ел арасындағы мәдени байланысты одан әрі нығайта түсетініне сенемін», - деді. Кино «Жоюшы» фильмі алматылық БАҚ өкілдеріне арнайв көрсетілді Алматыда режиссер Ақан Сатаевтың БАҚ өкілдеріне арналаған «Жоюшы» фильмінің алғашқы көрсетілімі өтті. Филмді Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ мен «Sataifilm» кинокомпаниясы бірлесіп шығарған. Аталған жобаның құны 2 млн АҚШ долларын құрайды. «Қазақфильм» киностудиясының президенті Ермек Аманшаев: «Бұл фильм 2011 жылдағы алғашқы отандық таныстыру болып табылады. Жыл соңына дейін енді он фильмнің тұсауы кесіледі. Киностудия қандай бағытта фильмдер болатындығын көрсетіп қойды», - деді. Фильмнің сценарийін жазған – Тимур Жақсылықов, қоюшы-режисер – Ақан Сатаев, қоюшы-оператор – Хасан Қыдырәлиев, композиторы – Ренат Гайсин. Мақпал Сағындыққызы
1043 рет
көрсетілді0
пікір







