Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • TENGE MONITOR
  • 31 Наурыз, 2011

№ 13(185) 31 наурыз - 6 сәуір 2011 жыл Жемқорлық деңгейін төмендету - міндет

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев экономикалық және сыбайлас жемқорлықпен күрес агенттігінің төрағасы Қайрат Қожамжаровты қабылдады.Қ. Қожамжаров Президентке қаржы полициясының ағымдағы қызметі туралы баяндады. Кездесу барысында Нұрсұлтан Назарбаев жемқорлықпен күрес – бұл қаржы полициясының негізгі міндеті екенін, осы бағыттағы жұмысты едәуір жандандыру қажеттігін атап өтті. Мемлекет басшысы Қазақстанның міндеті жемқорлық деңгейі анағұрлым төмен мемлекеттер қатарына ену екендігіне тоқталды. Қаржы полициясы агенттігі шағын және орта бизнестің ісіне араласпауы тиіс. Осыған байланысты шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің құқығын қорғау жөніндегі шараны күшейту қажет. Кездесу барысында сондай-ақ негізгі міндеті халық арасында құқықтық сауаттылықты арттыру, сондай-ақ азаматтардың құқық қорғау және өзге мемлекеттік органдардың қызметіне сенімін нығайту болып табылатын, Үкімет бекіткен 2015 жылға дейінгі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі салалық бағдарлама туралы әңгіме қозғалды. Мемлекет басшысы қаржы полициясы органына сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейтуді, көлеңкелі экономиканы бейтараптандыру жөнінде одан әрі шаралар қабылдауды, сондай-ақ экономикалық саладағы қылмыс түрлерін ырықтандыру және ізгілендіру туралы ұсыныс енгізуді тапсырды.

950 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз