Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • TENGE MONITOR
  • 07 Сәуір, 2011

Апта тынысы Әдебиет 8 жасар ақынның поэзия кеші өтті

Астанада ҚР Президенттік мәдениет орталығында бала ақын, республикалық байқаулардың лауреаты, 8 жасар жыр перісі Жамбыл Дүйсенұлының тәуелсіздігіміздің 20 жылдық мерейтойына арналған «Тәуелсіздігім – Тәңірден жеткен тәтті сый» атты поэзия кеші өтті.

5 сәуірде 8 жасқа толған ақын бала өлеңдерінде рух, отансүйгіштік, тіл, тәуелсіздік шежіресі жайлы тақырыптарды қозғайды. Екі жасында хат танып, төрт жасынан ұйқас құраған бала Жамбылдың қазіргі уақытта 50-ге тарта туындысы бар. «Періште тілек!», «Тілім – тағдырым», «Мен қазақпын», «Бала Жамбыл – мен боламын бүгінгі», «Мәртебелі елім», «Оңай емес» сияқты туындыларын кеш барысында оқып берді. Бүлдіршін ақынның шығармашылығын тамашалауға келген елорда тұрғындары мен қонақтары мәдениет орталығын лық толтырды. Өнерлі дарын иесі: «Халықтың баласы болуға тырысамын. Арманым – дана Жамбылдай болу», - деді. Ғарыш Мәскеуде халықаралық конкурс басталды Мәскеу қаласында «Ғарыш және адамзаттың болашағы» атты тақырыпта конкурс өткізілді. Бұл конкурс Юрий Гагариннің ғарышқа сапарының 50 жылдығы құрметіне арналған жастардың «Youth time» халықаралық журналы болып табылады. Қазақстанның Ресей елшілігінің атына келіп түскен хатта барлық елдің жас дизайнерлері қатыса алатындығы, ғарыш көлігі, ғарышқа сапар шегуші адамдарға арналған киімдер тақырыбы айналасында жұмыстар жолдауға болатындығы жазылған. Халықаралық журнал сонымен қатар жас журналистер үшін арнайы конкурс ашып отыр. Үздік атанған жеңімпаздары Байқоңыр ғарыш айлағына сапар шегетін болады. Журналистерга арналған байқаудың мақсаты – аталған халықаралық конкурс жайында БАҚ беттерінде кеңінен жариялау. Мерзімдік немесе интернет-басылымдардың журналистері газетте, журналда немесе интернет-сайтта жарияланған мақалаларын жолдауы керек. Радиожурналистер бағдарлама жазбасын жібере алады. Ал тележурналистерден конкурс тақырыбына арналған бағдарламаның жазбасы немесе конкурс туралы анонстық бағдарламаның бейнежазбасы талап етіледі. Материалдар ағылшын және орыс тілдерінде болуы керек немесе ілеспе аудармамен берілуі керек. Бұл конкурстың жеңімпаздары да 25 мамырда жария етіледі. Сараптама Қазақстанның демократиялық тамырлары тереңдей түсуде Халықаралық тәуелсіз бақылаушылар миссиясының мәлімдемесіне қарағанда, Қазақстанның демократиялық тамырлары тереңдеп отыр. Мәлімдемеде атап көрсетілгендей, 30 наурыз бен 3 сәуір аралығында тәуелсіз бақылаушылар тобы Қазақстанда тоғыз саяси партиялардың мүшелері және басшыларымен, сайлау комиссиясының лауазымды тұлғалары және Үкіметтік емес ұйым өкілдерімен кездесу өткізген. Өткен сайлаудан биылғы сайлаудың ерекшелігі дауыс берушілерді сайлау учаскесіне жинау және әкімшілік топтастыру арқылы дауыс беруге әкелу көріністері байқалмаған. Яғни сайлаушылар азаматтық парызы мен патриоттық санасы бойынша өз еркімен дауыс беруге келгені аңғарылады. Жалпы сайлау барысы барлық 65 сайлау уческесі бойынша ашық және жақсы түрде ұйымдастырылды. Спорт Ақсуда жаңа спорт кешені салынады Үстіміздегі жылы Павлодар облысының Ақсу қаласында ірі спорт кешенінің құрылысы басталмақшы. Туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының хабарлауынша, бұл нысан 2012 жылдың бірінші жартысында пайдалануға берілмекші. Онда 500 орындық трибунасы бар үлкен спорт залдың салынуы қарастырылған. Сонымен қатар кешенде балуандардың жаттығуына арналған үлкен зал, үстел теннисі және шахматпен шұғылдануға болатын орташа залдар салынатын болады. Өсіп келе жатқан жасөспірімдер үшін бұл нысанның маңызы ерекше болмақ. Аталған спорт нысанының құрылысын «ENRC» акционерлік қоғамы қаржыландырып отыр. Мақпал Сағындыққызы

959 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз