Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • TENGE MONITOR
  • 07 Сәуір, 2011

№ 14(186) 7 - 13 сәуір 2011 жыл Даму қарқыны бәсеңдемейді

Үстіміздегі жылдың алғашқы айларынан бастап Үкімет қаржы секторын тұрақтандыруға, жылжымайтын мүлік нарығындағы проблемаларды шешуге, шағын және орта бизнесті қолдауға, агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға және ірі индустриялық жобаларды іске асыруға, сондай-ақ халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтарын жұмыспен қамтуға бағытталған шаралар кешенін іске асырып келеді. Қабылданған шешімдерді дер кезінде тиімді жүзеге асыру нәтижесінде ел экономикасының даму қарқынын жеделдете түсуге мүмкіндік туды.Капиталдың барабар деңгейін қалыптастыру және банктерге қосымша өтімділікті ұсыну есебінен банк секторының тұрақтылығы қамтамасыз етілді. Жедел деректерге сәйкес банктердің сыртқы қарыз алу үлесі жиынтық міндеттемелердің 30 пайыздан астамына қысқарған. Жылжымайтын мүлік нарығындағы жағдай тұрақтанды. Үлестік құрылысқа қатысушы азаматтардың аяқталмаған тұрғын үй нысандары бойынша мұқтаждықтары негізінен шешілді. Республикалық бюджетте көзделген зейнетақылар, әлеуметтік жәрдемақылар және бюджет саласы қызметкерлеріне жалақы төлеу жөніндегі барлық әлеуметтік міндеттемелер уақтылы әрі толық көлемде қаржыландырылды. Мұның бәрі қолда бар қаражатты тиімді пайдалану арқасында мүмкін болды. Жаһандық экономикадағы ахуалдың қалыпқа келуі шикізат тауарларына, атап айтқанда, мұнай мен металл бағасының өсуіне себепкер болды. Елдің экспорттық өнімдеріне сыртқы сұраныстың артуына қарай мұнай-газ, металлургия саласында және тау-кен өндіру өнеркәсібінің ілеспе салаларында отандық өндіріс жандана бастады. Экономиканың тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін ұзақ мерзімді перспективада экспортқа бағдарланған бәсекеге қабілетті секторлардың дамуын ынталандыру жөнінде шаралар қабылданды. Ел экономикасына инвестицияға тарту үшін қолайлы жағдай жасалып отырғанын атап өту керек. Инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға мемлекеттік қолдау көрсету шеңберінде мемлекеттік кепілдікпен және субсидияланған мөлшерлемелер арқылы жинақтаушы зейнетақы қорларының қаражаты тартылуда. Ресей, Беларусь және Қазақстан мемлекеттері Кеден одағының жұмыс істеу тетіктерінің дәйектілікпен енгізіле бастауы шикізаттық емес экспортты дамыту шарттарының бірі болды. Қазіргі таңда үш ел үшін бірыңғай кеден тарифі қолданылуда. Кеден одағына қатысушы елдер мен үшінші елдерде өндірілген, одаққа қатысушы мемлекеттердің аумағында еркін айналым үшін шығарылған және Ресей мен Беларусь елдері аумағынан Қазақстан аумағына өткізілетін және кері әкетілетін тауарларды кедендік ресімдеуді жоюды көздейтін Кеден кодексі енгізілді. Бұл әкімшілік кедергілерді жоюға мүмкіндік беріп, қазақстандық бизнес үшін жаңа мүмкіндіктер туғызуда. Тұтастай алғанда экономикада, сонымен бірге жекелеген маңызы бар нарықтарда да бәсекелестікті қорғау мен дамытуға баса назар аударылып отыр. Ұзақ мерзімді кезеңде ел экономикасын әртараптандыру мен оның бәсекеге қабілеттігін арттыруды қамтамасыз ету мақсатында жүзден астам жоба іске асырылды. «Батыс Еуропа–Батыс Қытай» транзиттік көлік дәлізі, «Қазмырыш» АҚ-ның мыс қорыту және электролиз зауыттары, Мойнақ су электр стансасы, су тасқынына қарсы Көксарай реттеуші су қоймасы ірі жобалар санатында. Аталған инфрақұрылымдық бастамаларды іске асыру жұмыссыздық деңгейінің төмендеуіне елеулі әсер етті. Қаржы секторының қатысуымен индустриялық және инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру Үкімет пен даму институттарының кредиттік және басқа тәуекелдерді кеміту құралдарын, атап айтқанда мемлекеттік және жеке меншік әріптестік тетіктерін пайдалану ауқымында іске асырылуда. Корпоративтік эмитенттер үшін қарыз алу құнын төмендету мақсатында бенчмарк белгіленіп, бюджет тапшылығын қаржыландыру үшін сыртқары капитал нарығында мемлекеттік бағалы қағаздар шығарылмақ. Ақша-кредит саясаты төменгі инфляция деңгейіне қол жеткізуге бағытталуда, мұның өзі теңгенің айырбас бағамын қалыпты арнада ұстауға ықпал етіп отыр. Мұрагер Сералы

790 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз