Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Құмсағат
  • 05 Қыркүйек, 2018

Астанада алғаш рет грэпплингтен әлем чемпионаты өтеді

Елордада 6-9 қыркүйек күндері  грэпплингтен алғаш рет әлем чемпионаты өтеді. Чемпионатқа Бразилия, Филиппин, Ресей, Литва, Панама, Испания, Израиль, Франция, Италия, Индия, Украина, Венгрия, Жапония, Польша, АҚШ секілді 21 елден 800-ден астам спортшы қатысады. "QAZAQ BATYRY CHAMPIONSHIP" республикалық жарысының жеңімпаздары еліміздің намысын қорғайтын болады. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі алаңында өткен пресс-конференцияда Азиялық Грэпплинг комитетінің Президенті Қанат Алин, Дүниежүзілік грэпплинг комитетінің Президенті Ризван Бочкаев және UWW Дүниежүзілік грэпплинг қауымдастығының бас хатшысы Вито Паулиолар мәлімдеді.  Турнир Астана қаласындағы "Дәулет" спорт кешенінде өтетін болады.

1005 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз