Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Құмсағат
  • 05 Қыркүйек, 2018

Атырауда таэквондодан ересектер арасында Азия құрлығындағы алғашқы чемпионат өтеді

Турнирге 400-ге жуық спортшы қатысуға өтініш білдірген, деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі. 7-9 қыркүйек күндері Атырау қаласында таэквондодан Азия құрлығындағы тұңғыш таэквондодан І Ашық Азия чемпионаты өтеді. Ересектер арасындағы турнирге 15 мемлекеттен 400-ге жуық спортшы қатысады. Үш күндік додада Азия құрлығының үздіктері анықталатын болады. Жарыс 7 қыркүйек күні 9:00-де Мұз сарайында басталады. Сонымен қатар, Азия чемпионатының ізін суытпай, Атырау қаласында 9-11 қыркүйек күндері «KAZAKHSTAN OPEN – 2018» халықаралық турнирі өтеді. Айта кету керек, өткен жылы Атырауда тұңғыш рет таэквондодан жастар арасындағы Азия чемпионаты ұйымдастырылды. Оған 26 мемлекеттен 500-ге жуық спортшы қатысты. Өткен чемпионаттың жоғары дәрежеде өтуіне орай Атырау облысы кезекті Азия чемпионатын өткізуге лицензия алған болатын.

1125 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз