- TENGE MONITOR
- 18 Наурыз, 2010
Туризм мен спорт мәртебесі – ел мәртебесі
Бүгінгі таңда экономист мамандардың айтуы бойынша ұлттық табыстың оннан бір бөлігі туризмнен түседі екен. Мәліметтерге, жүгінсек дағдарыс жылы болып саналатын өткен 2009 жылы дүние жүзін 620 миллион адам аралаған көрінеді. Олар бұл қызықты сапарлары үшін 420 миллиард доллар жұмсапты. Демек, туризм тасыс көзі деген сөз. Рас, қазір әлемнің көптеген елдері өздерінің әсем де көрікті жерлерімен мақтана алғанымен олардың бірқатарында саяси тұрақтылық пен экономикалық даму болмағандықтан туризмнің имидждін қалыптастыра алмай келеді. Ал, Қазақстан дүние жүзі бойынша тұрақтылық мекені болғандықтан туризмді дамытуға мүмкіндік мол.
Қазір елімізде туризммен айналысатын жеке компаниялар жетіп артылады. Алайда , олардың бірқатарының қызмет көрсету сапасының деңгейі онша емес.Әйтседе, мемлекет тарапынан туристерге қызмет көрсеті жоғары деңгейде.Еліміздің туризм саласын дамыту үшін инвестиция салғысы келетін шет ел копманияларына Үкімет тарапынан кепілдік беріліп отыр.Сондықтан да Қапшағай мен Бурабай курорт аймағында жақсы ойын сауық кешендері мен демалатын жерлер салуға шет елдіктер қызығушылық танытуда. Түркістан мен Байқоңыр ғарыш айлағында мәдени-танымдық кешендер салудың да маңызы зор.Министрлік шет ел туристерінің емін –еркін келіп кетуіне мүмкіндігінше жағдай жасауда. Мәселен, Туризм және спорт министрі Сыртқы істер министрлігімен бірлесіп отыздан астам елдің азаматтарына қатысты арнайы ереже қабылдады. Өткен аптада өткен алқа мәжілісінде министр Темрхан Досмұхамбетов өзі басқарып отырған ведомстваның жұмысы жөнінде жан-жақты айта келіп, түйіні шешілмей жатқан проблемаларғада тоқталды. Алқа жиынына қатысқан Премьер-Министр Кәрім Мәсімов еліміздегі туризм мен спортты дамытуға қатысты бірқатар мәселелерге тоқталды.
- Туризм мен спорт қай елде болсын бәсекеге қаблетті, қаржыны көп талап ететін сала болып табылады, - деді Министрлер кабинетінің басшысы Кәрім Мәсімов.- Соған қарамастан біз мемлекеттің имиджін қалыптастыратын осы екі салаға қаржыны айап жатқан жоқпыз.Менің туризм және спорт министрлігіне беретін ең маңызды әрі жауапты тапсырмам ол, 2011 жылы Астана мен Алматы қаласында болатын 7-ші қысқы Азия ойындарын аброймен өткізіп, Қазақстан өзінің әлеуетін әлемге тағы бір мәрте паш етуі керек. Бұл спорттық қана шара емес, оның саяси жағы да бар екендігін ұмытпауымыз керек.
Расында да Үкімет басшысы айтса, айтқандай ендігі мақсат бүкіл әлем көз тігіп отырған 7-ші қысқы Азия ойындарын жоғары деңгейде ұйымдастыру.Жалпы қысқы жарыстар өтетін 9 нысанның 4-уі Астанада және төртеуі Алматы қаласында, ал біреуі Алматы облысында. Үкімет басшысы осы нысандарды салу мен жөндеу жұмыстарын өте жауапкершілікпен атқару керектігін тапсыра келіп, бұл мәселеге «жүрдім-бардым» қарауға болмайтындығын ескертті.
Жалпы Қазақстан қысқы Азия ойындарында Қытай, Жапон, Кореядан кейін үнемі төртінші орын алып келеді.Әйткенмен, бұл сайыста спорт және туризм министрі Темірхан Мыңайдарұлы Қытайдан кейін екінші орын алатындығына бек сенімді.Министр сонымен қатар додалы жарысты өз деңгейінде өткізу мақсатында биылғы жылғы бюджетті нақтылау кезінде қосымша 18 миллиард тенге қаржы бөлуді сұрады.
- Біз Үкіметтен спортшыларға берілетін сыйақы мөлшерін көтеруді сұраймыз,-деді министр Темрхан Досмұханбетов.- Мәселен, әлем чемпионатында алтын алғандарға бір реттілік берілетін сыйақы мөлшерін 7-ден 15 мың долларға, ал, Азиялық және жасөспірімдердің олимпиадалық ойындарында жеңіс тұғырына көтерілетіндерге берілетін ақшаны 3, 5 –нан 10 мың долларға дейін көтеру мәселесін шешуіңізді өтінемін.
Өз кезегінде Кәрім Мәсімов бұл өтінішке әзілмен ұтқыр жауап берді. «Темірхан Мыңайдарұлы, сіз медальдар алып келсеңіз, мен сіздің ұсынысыңызды қолдаймын. Бір айдан соң Канаданың Ванкувер қаласында болатын ХХІ қысқы олимпиада ойындарынан жүлдемен оралсаңыз айтқаныңыз болады» деді.
Негізі 2009 жылы спортшыларымыз әлем чемпионаттарынан 93 медаль еншіледі. Спорттың олимпиадалық емес түрінен 16 алтын алып, отандық спорт тарихында рекорд жасады.Былтыр зілтеміршілер де ерледі.Оңтүстік Кореяда өткен әлем чемпионатында ауыр атлетикадан Қазақстан құрама командасы бірінші орыннан көрінді. Светлана Подобедова әлем рекордын үш рет жаңартты.
Қазақстанда жыл өткен сайын дене шынықтыру мен спорттың материалдық-техникалық базасы нығайтылуда. Сондықтанда спорттық шараларға жыл сайын 2,5 миллионнан астам адам қатысуда.Спорт резервін даярлау үшін балалар мен жасөспірімдерге арналған 8 мектеп қосымша ашылып отыр.Мұндай мектептердің саны 400-ге жетті. Оларда 260 мың бала мен жасөспірім немесе 6 мен 18 жас арасындағы оқушылардың жалпы санының 8 пайызы спортпен айналысады деген сөз.
Мағжан САДЫХАНҰЛЫ,
Астана.

1161 рет
көрсетілді0
пікір