- Аймақ тынысы
- 24 Қыркүйек, 2018
Шымкентте 30 мектеп салынады
Шымкентте жыл сайын 24 мыңға жуық оқушы мектеп табалдырығын аттайды. Сондықтан алып шаһарда әрбір оқу жылында 20 мың балаға арналған білім ұялары салынуы керек. Бүгін қалалық маслихаттың кезектен тыс 37 сессиясында мектеп тапшылығы мәселесі талқыланды. Бұл туралы Қазақпарат агенттігі хабарлады. Сессияда қала басшылығы әр жылы 15-ке жуық білім ұясы салынатынын айтты. Білім ошақтарын дер кезінде көбейтпесе, үш ауысымды оқу жүйесі жалғаса бермек. «Үш ауысымды білімнің мәселесін шешу үшін жаңа мектептер салу керек. Қазір 12 білім ұясының жобалық сметалық құжаты дайын. Оған қаржыны республикадан сұратып отырмыз. Ол мәселе де шешімін табуда. Сол 12 мектептің 10-на республикадан қаржы бөлінсе, екеуіне қала қазынасынан ақша қарастырылады. Сонымен қатар, жеке кәсіпкерлермен тағы 30 мектеп салуды жоспарлап отырмыз. Осында отырған депутаттардың арасында кәсіпкерлер бар, мен сіздерді соған атсалысуға шақырамын»,- деді қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов.
1281 рет
көрсетілді0
пікір






