Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 24 Қыркүйек, 2018

Ә. Ержановтың «Түн құдайы» фильмі Париждегі ретроспектива барысында көрсетілді

2018 жылы қыркүйектің 5 мен 16 аралығында Парижде өткен, француздың L’Etrange Festival кинофестивалі аясында режиссер Ержановтың фильмографиясы Focus атты арнайы секциясында көрсетілді. Туындылар арасында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясында түсірген «Риэлтор», «Үкілі кәмшат» және «Түн құдайы» фильмдері де бар. Бұл туралы Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ Баспасөз қызметі хабарлайды.

Режиссер Әділхан Ержановтың айтуы бойынша, француз көрермені оның фильмдеріне қызығушылық танытқан, келушілер саны көп болып, кезекке тұрып күткенкендер де болған. Сонымен қатар, түрлі кәсіби кездесулер мен сұхбаттар жасаған. «Француздар өнер мен киноны бразилиялықтар футболды түсінгендей түсінеді. Олар үшін өнер – ұлттық дәстүр. Сондықтан да кинодағы авангард сол жақтан тарайды. Кинодағы моданы Канн мен Франция жасайды. Ол жақтың көрерменімен сөйлесу ғанибет. Олар синефилдер – қазақ киносында болып жатқан дүниелерден хабардар. Оларға шынымен де менің кинома қызықты», - деді Ержанов.

L’Etrange Festival ширек ғасырға жуық уақыт өткізіліп келеді. Бұл фестиваль «ерекше, қайталанбайтын, сирек, жоғары деңгейдегі» фильмдерге арналған. Фестиваль бағдарламасында негізгі байқау (Ларс фон Триердің «Джек тұрғызған үй» фильмі көрсетілетін) мен қысқаметражды фильмдердің байқауынан бөлек, байқаудан тыс бағдарламада жапон жаңа толқыны фильмдерінің көрсетілімі, аңызға айналған Nikkatsu атты жапон студиясы фильмдірінің ретроспективасы, сондай-ақ «Жаңа таланттар», «Деректі кино» бағдарламалары бар.

918 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз