- Аймақ тынысы
- 25 Қыркүйек, 2018
Түркістан облысының әкімі ардагерлермен кездесті
Өңір басшысы Түркістанды түлетуге Елбасының айрықша назар аударып отырғанын жеткізді. «Облыс орталығы алдағы уақытта жаңа кейіпке енеді. Алдағы уақытта Түркістанда жаңа ғимараттар, тұрғын үйлер, әуежай, әкімшілік іскерлік орталық бой көтеретін болады. Түркі дүниесінің орталығы ретінде барлық жағынан сай болмақ. Сонымен қатар, Түркістан – руханияттың, мәдениеттің ордасы болуы тиіс. Бұл тұрғыда ел ағаларына, ақсақалдарға артылар жүк ауыр", - деді Жансейіт Түймебаев. Облыс басшысы сондай-ақ, мереке қарсаңында ардагерлерге демалыс аймақтарына жолдама сыйлады. Олардың қатарында Түркістан облысының Ақсақалдар алқасының төрағасы Жарылқасын Әзіретбергенов, Түркістан қаласының Ақсақалдар алқасының мүшесі Жұмаділ Кішібаев, Түркістан қаласының қоғамдық келісім кеңесінің мүшесі Рүстем Камилов сынды 20-ға жуық ардагер бар.
1734 рет
көрсетілді0
пікір






