- Құмсағат
- 28 Қыркүйек, 2018
2024 жылы футболдан Еуропа чемпионаты қай елде өтеді?
Еуропалық футбол қауымдастықтары одағы (УЕФА) 2024 жылы футболдан Еуропа чемпионаты Германияда өтетінін анықтады, - деп хабарлайды kazgazeta.kz vesti.kz -ке сілтеме жасап.
Бұл мәселе Швейцарияның Ньон қаласындағы УЕФА атқарушы комитетінің кезекті отырысында белгілі болды. Дүбірлі доп додасын өткізуге Германиядан бөлек Түркия елі де үміткер болған. 2024 жылғы Еуропа чемпионаты Германия Берлин, Кёльн, Дортмундт, Дюссельдорф, Франкфурт, Гельзенкирхен, Гамбург, Лейпциг, Мюнхен және Штутгарт секілді 12 қаланың стадиондарында өтеді деп жоспарлануда. Бұдан бұрын Германия 2006 жылы әлем чемпионаты өткізген болатын.
1962 рет
көрсетілді0
пікір







