- Құмсағат
- 07 Қазан, 2018
Хабиб қарсыласы МакГрегорды жеңді
Лас-Вегаста өткен UFC 229 турнир жекпе-жегінде жеңіл салмақтағы UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедов ирландиялық Конор МакГрегорды жеңді. 7 қазан күні, яғни бүгін таңертең АҚШ-тың Лас-Вегас қаласындағы T-Mobile аренасында өткен жекпе-жекте МакГрегор төрт раунд бойы дағыстандық спортшыға лайықты қарсылық көрсете алмады, тіпті бір рет нокдаун алды. Ресейлік спортшы қарсыласын төртінші раундта тұншықтыру әдісімен жеңіп, өз атағын қорғап қалды. Хабиб Нурмагомедов кәсіпқой мансабында 26 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жеткен. Ал Конор МакГрегор 2016 жылдан бері UFC жарыстарына қатысқан жоқ. Оған дейін 21 рет жеңіске жетіп, 3 мәрте ұтылған.
1154 рет
көрсетілді0
пікір







