Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Аймақ тынысы
  • 10 Қазан, 2018

Түркістан мен Алматы арасында туристік пойыз жүретін болады

Таяу уақытта Түркістан мен Алматы қаласының арасында жүрдек пойыз бағыты ашылады, деп хабарлайды  облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Облыс әкімдігінде өткен кездесуде «Тұран экспресс» компаниясы мен «Тұран.тв» телеарнасының бас директоры Роман Ботабеков алдымен облыс әкімі Жансейіт Түймебаевтың қабылдауында болып, туризмді дамыту бағытында әңгіме өрбіді. Компания басшысы өңірдің туризмін дамытуға үлес қосатынын айтты. «Түркістанның облыс орталығы атанғанын қуанышпен қабылдадым. Өзім Кентауда туып-өскенмін. Сондықтан туған жерге қызмет етуге, туристік әлеуетін көтеруге үлесімді қоссам деген ниетпен келіп отырмын. Қараша айынан бастап Алматы мен Түркістан қалалары арасында туристік пойыз бағытын ашпақшымыз. Екіншіден, өзім басқаратын «Тұран.тв» телеарнасы арқылы Түркістан облысы мен Түркістан қаласының көрікті, шежірелі орындары туралы бейнематериалдар, репортаждар, фильмдер әзірлейміз. Осы жұмыстарымыз арқылы Түркістанның туризмін дамытуға үлес қосамыз деген ойдамын. Себебі, қазір саяхатшыларға керегі - жайлы көлік пен қолжетімді ақпарат», - деді Роман Ботабеков.

«Тұран экспресс» компаниясы мен Түркістан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы, туризм және сыртқы байланыстар басқармасы және ішкі саясат басқармасы арасында әріптестік және іскерлік байланыс жөнінде меморандумға қол қойылып, аталған басқармалар мен телеарна арасында да меморандум жасалды. Аталған пойыз Алматыдан жұма күні шығып, жексенбі күні кері қайтады. Саяхатшы жолаушылар қонақүй іздемей, осы пойызда тынығып, Түркістанды екі күн аралайды. Әзірге пойыз аптасына 4 рет жүргізілсе, келешекте күн сайын сапарға шығару жоспарланған.

1308 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз