- Аймақ тынысы
- 11 Қазан, 2018
Қорғаныс министрлігі мен Шымкент әкімдігі арасындағы меморандумға қол қойылды
Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов, Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев және республикалық «Жас сарбаз» әскери-патриоттық қоғамдық қозғалысының төрағасы, генерал-майор Мұхамеджан Таласов өзара меморандумға қол қойды. Меморандум аясында тараптар жастарға әскери-патриоттық тәрбие беру саласында және әскери-қолданбалы спорт түрлерін насихаттауда ынтымақтастық орнатып, өзара іс-қимыл жасауға келісіп, әскери-патриоттық тәрбие беру мәселелері бойынша бірлескен жылдық іс-шаралар жоспарын әзірлеу, жастарды әскери-патриоттық бағытта тәрбиелеуге келісті. Маңызды құжат арқылы әскери қызметтің беделін арттыруға және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің мәртебесін көтеруге бағытталған іс-шаралар өткізілетін болады.
Сонымен қатар, алдағы уақытта кадет сыныптарын және әскери-патриоттық клубтарды ашуда мүдделі органдармен, республикалық, өңірлік жастар ұйымдарымен өзара іс-қимыл жасалмақ. Әскери-патриоттық үйірмелерде, кадет сыныптарында, білім мекемелерінде, оқушылар сарайында, демалыс лагерьлері мен спорт лагерьлерінде өзге де жастар ұйымдарының жұмысы бойынша бірлесіп, шаралар ұйымдастыру жоспарланған.
1912 рет
көрсетілді0
пікір






