- Құмсағат
- 12 Қазан, 2018
Данияр Елеусіновтің келесі қарсыласы кім?
Рио-де-Жанейро Олимпиадасының чемпионы, кәсіпқой боксшы Данияр Елеусіновтің келесі жекпе-жегіндегі қарсыласы анықталды. Ол 20 қазан күні АҚШ-тың Бостон қаласында американдық боксшы Мэтт Догертимен жұдырықтасады. Бұл Данияр Елеусіновтің кәсіби бокстағы төртінші жекпе-жегі болмақ. Кештің басты айқасы Билли Джо Сондерс пен Деметриус Эндрейд арасында өтеді.
Айта кетерлігі, Данияр Елеусінов 4 тамыз күні өткен жекпе-жекте венгриялық Габор Горбичті ұпай саны бойынша алға шығып, айқын басымдылықпен жеңген.
1273 рет
көрсетілді0
пікір







