Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Аймақ тынысы
  • 12 Қазан, 2018

Атырауда әлеуметтік мекемелерге 5 мың ағаш отырғызылады

Бұл тапсырманы қала әкімі аппараттың кезекті жиынында тапсырды, деп хабарлайды Атырау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі. Алимұхаммед Құттұмұрат-ұлы кезекті аппарат жиналысы кезінде ТКШ бөліміне әлеуметтік мекемелерге ағаш отырғызуды және көгалдандыруды тапсырды. - Биылғы жылы күзде мектептердің, ауруханалардың, балабақшалардың және басқа да мекемелердің айналасына 5 мың ағаш отырғызылады және оларға тиісті күтім жасалады. Сондай-ақ,жаңадан салынған нысандардың айналасын да көгалдандыру қажет, - деп тапсырды қала әкімі ТКШ бөлімінің басшысына. Сонымен қатар, облыс орталығында көшелерді қалпына келтіру және кеңейту бойынша жұмыс жасайтын мердігер мекемеге әрбір құлаған ағаш орнына 5 жасыл желекті отырғызуға тапсырма берілді. - Атырауда 15 қыркүйекте қаланы санитарлық тазалау және абаттандыру бойынша екі айлық жоба басталды. Мен қала тұрғындарын, мемлекеттік және жеке меншік ұйымдардың басшыларын қоршаған ортаны тазалауға, сондай-ақ облыс орталығын көгалдандыруға белсене қатысуға шақырамын,- деді қала тұрғындарына Алимухаммед Құттұмұрат-ұлы.

1407 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз