Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • TENGE MONITOR
  • 18 Наурыз, 2010

Халық атасы немесе “Елдік пен ерлік ұраны”

65-d0b6d18bd0bbАуыздан шыққанда-ақ кейбіреулерге көп нәрсені ұқтырып, кейбіреулерді күні бұрын түсіндіріп тұратын есімдер болады. Сондай есімдердің бірі Бауыржан Момышұлының есімі. Бауыржан Момышұлы қазақ үшін ерлік пен елдіктің ұранындай. Себебі оның бар саналы ғұмыры елінің, туған халқының мұңын мұңдап, жоғын жоқтаумен өтті. Ерді ісінен таны- демекші. Бауыржан Момышұлы да сияқты ел басына күн туған Ұлы Отан соғысы кезінде батырлығымен, қолбасшылық дарынымен де дараланып көрінген азаматтарымыз да қаншама! Мәскеу түбіндегі сұрапыл шайқаста батальон командирі аға лейтенант Момышұлы бастаған жауынгерлер өшпес ерлік танытса, комбат Момышұлының жауынгерлерінің ерлігі де тарихқа алтын әріппен жазылды. d0b1d0b0d183d18bd180d0b6d0b0d0bd-d0bcd0bed0bcd18bd188d183d0bbd18b1Батырдың есімі бар дүниеге әйгілі болып, аты аңызға айналды. Туғаннан бері аса дарынды Бауыржан Момышұлы бертін келе жауынгерлік шинелін қаламсапқа ауыстырып, жазушылыққа бет бұрды. Қан майдан мен бейбіт өмірде көзбен көріп, көңілге түйгендерін енді қағазға түсірді. Сөйтіп бізге яғни жас ұрпаққа Ұлы Отан соғыс жайында талай кітаптар тастап кетті. Солардың бәрі соғысқа қатысқан солдат жанын ерекше тебірентеді; Фашисттер, мен кешегі күрес күндерін еске түсіреді, ол күндердің жеке сәттерін басыңнан қйта кешуге мәжбүр етеді. Сөйтіп Бауыржан Момышұлының майдандағы ерлігі бейбіт өмірде заңды жалғасын тапты. Қолына қалам алып, халқына тамаша шығармаларын, сүйікті кейіпкерлерін сыйға тартты. Олардың қай-қайсысы да миллиондардың жүрегіне өзі болып, Бауыржан Момышұлы болып сапар шекті, сырласты. Сол арқылы кешегі қан майданда Халық батыры атанған қаhарман ұлан, енді қаламгер болып қайта туды. Бауыржан Момышұлы халықтың жақсы өмір құруына зиянын тигізетін кесңр атаулының бәрімен аясыз ашық айқасқа түскен жан. Оның қай кезде, қандай жағдайда айтқан сөздері болмасын елді бірлікке, бірлесіп тіршілік етуге үндейді, халықтың діні, тілін, салт –дәстүрін сақтауға шақырады. Оның Ұлы Отан соғысы жайында талай кітаптарын оқыдық. Солардың бәрі соғысқа қатысқан жауынгерлерінің бірлікке, ынтымаққа деген талпынысын көрсетеді. Ал “Қанмен жазылған кітап”- әңгімесі шын мәнінде ерлік дастаны. Бұл достық адамгершілік, Отанға деген шексіз сүйспеншілік жайындағы жыр. Бұл кітап оқырманның көңілін толқытады, жанын жақсылыққа бауылып, ел үшін ерлікке шақырады.

d0b1d0b0d183d18bd180d0b6d0b0d0bd-d0bcd0bed0bcd18bd188d183d0bbd18b2“Тарихтың түкпірінен сөз келгенде”- деп өзі айтпақшы, Бауыржан атамыздың есіміде өзін сүйген, өзі сүйген халқының жүрегінен мәңгі орын алып, онымен ғасырлар бойы жасай бермек. Олай болса бізді ата өсиетіне адал болайық, азамат болуға ұмтылайық. Нағыз патриот болайық!

Айгерім Дастанқызы

Қ.И Сәтбаев атындағы

Орта мектеп гимназиясының

10Б сынып оқушысы

3319 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз