Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 28 Ақпан, 2019

Каир вокзалындағы өрт

Каир қаласындағы Мысырдың ірі теміржол стансасы - Рамсес вокзалында өрт шықты. Салдарынан кем дегенде 25 адам мерт болып, 50-ден астамы зардап шекті. Құтқарушылардың дерегі бойынша, жолаушылар пойызы платформамен соқтығысып, оның соңы өртке ұласқан. Куәгерлер жарылыс даусын естіген. Қаза тапқандар саны артуы мүмкін, деп хабарлайды Ассошиэйтед пресс дәрігерлерге сілтеме жасап. Агенттіктің дерегі бойынша, өрт Рамсес вокзалына келген жүрдек пойызының жанармай багы жарылғаннан кейін шыққан. Оқиға орнында қою түтін көрініп тұр. Апат болған жерге ондаған жедел жәрдем көлігі, құтқарушылар мен өрт сөндірушілер келген. Дереккөз: inform.kz 

874 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз