Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • TENGE MONITOR
  • 26 Мамыр, 2011

Жемқорлыққа - тосқауыл

«Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясының жемқорлыққа қарсы форумында елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы «Жемқорлық – мемлекеттің, қоғамның дамуына тежеу болатын, болашағына кесірін тигізетін індет. Оның тамырына түбегейлі балта шаппайынша, мемлекетте тұрақты өсу-өркендеу болмайды.Біз экономикамызды барынша дамытып, саяси жүйемізді жетілдіріп жатырмыз. Білімді, мәдениетті әрі бәсекелестікке қабілетті ұлт қалыптастыру жолында алдымызға стратегиялық мақсат қойып отырмыз. Алайда, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейтпей, одан нақты бір нәтиже шығармай, алға қойған мақсатқа толық жете алмаймыз» деген ойын білдіріп еді. Расында да қазіргі таңда жемқорлық қоғамды барынша әлсіретіп, оның дамуына, жандануына үлкен кедергі болып, кері әсерін тигізіп отыр. Барлық саланы түгелдей дерлік жаулап алған сыбайлас жемқорлықты біржақты ету қолдан келмей тұрғанын да мойындау керек. Сондықтан да мойынға шынжыр, аяққа тұсау болып отырған осынау дертпен күресті тек құзырлы мекемелердің ғана міндетіне жүктемей, бүкіл халық болып күресуіміз керек. Оның салдарын жою үшін, дерегін анықтау үшін ештеңеден де аянуға болмасы хақ. Белгілі бір қоғамның ғана емес, бүкіл әлемнің алдында тұрған үлкен мәселеге жан-жақты қарап, оның түбіне балта шабылып, тамырлары үзілмейінше жалғаса беретінін де естен шығармаған жөн. Осы орайда Елбасының сайлаудан кейін жаңа құрамдағы алғашқы кеңейтілген мәжілісісінде сөйлеген мына сөздерін мысал ретінде айта кетуге болады. Онда биліктің беделіне дақ түсіріп отырған жемқорлыққа жеке тоқталған Нұрсұлтан Әбішұлы: «Бірінші басшылардың барлығының айрықша назарын аударамын! Өздерің басқаратын министрліктердегі, агенттіктердегі және басқа да ұйымдардағы коррупциялық қылмыстарға бастарыңмен жауап бересіңдер! Сендер жемқорлықпен күрес жұмыстарына өздерің басшылық етесіңдер және жеке бастарыңмен жауапты боласыңдар. Ескертемін! Орынбасарларыңның, департаменттер, комитеттер басшылығының арасындағы жемқорлықтың кез келген дерегі сендердің «автоматты түрде» отставкаға кетулеріңді білдіретін болады!» – деп қатаң ескерту жасап еді. Осыны ескере отырып, пара алып, пара берген немесе мұндай қылмысқа қандай да бір қатысы бар адамды лауазымына, шен-шекпеніне қарамай, міндетті түрде жауапқа тарту керек. Егер қоғам – халық осындай нақты мысалдарға куә болса, парақорлардың мұндай қылмыстарынан аулақ жүруге, жемқорлыққа жоламауға тырысары сөзсіз. Нұрсәуле АЛЬТЕКОВА, Алмалы ауданы, мәжбүрлеп, өндіріп алу бөлімінің бас салық инспекторы Қазтуған жырау Алаң да алаң, алаң жұрт Алаң да алаң, алаң жұрт Ақала ордас қонған жұрт, Атамыз біздің бұ Сүйініш Күйеу болып барған жрт. Анамыз біздің Бозтуған Келіншек болып түскен жұрт, Қарғадай мынау Қазтуған Батыр болып туған жұрт, Кіндігімді кескен жұрт, Кір-қоңымды жуған жұрт, Қарағайдан садақ будырып, Қылшанымды сары жүн оққа толтырып, Жанға сақтау болған жұрт.

1011 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз