- TENGE MONITOR
- 26 Мамыр, 2011
Судың да сұрауы бар.... Мақпал Сағындыққызы
Қазақстандықтарды сапалы ауыз сумен қамтамасыз етуге қатысты сауалдар – Елбасының 2011 жылдың 28 қаңтарында Қазақстан халқына арнаған «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» Жолдауында жүзеге асып жатыр. Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаев: «Ауыз сумен қамтамасыз ету саласы бағдарламасын құру – ауыл тұрғындарын ауыз сумен қамтуда 41пайызға, қалалық жерде – 72 пайызға өсті», - деген болатын.Үстіміздегі жылдың қаңтар айынан бастап, ауыл-аймақты сумен қамту аясында «Ақ бұлақ» бағдарламасы іске асты. 2011 жылдың 26 сәуірінде ҚР Үкіметінің жиынында жаңа жоба толықтай мақұлданды. Бағдарламаның басты мақсаты – халықты ауыз сумен сапалы түрде қамтамасыз ету болып отыр. Мемлекеттік бағдарлама бойынша 2011-2020 жылдар аралығында «Ақ бұлақ» жобасына 900 млрд теңге бөліну жоспарлануда. Үкімет жүктеген «Ақ бұлақ» бағдарламасы аясында «сумен қамту және сумен жабдықтау» саласы негізінде мемлекеттік-жеке меншік серіктестік құралдарын орнатуға қатысты сұрақтар қарастырылды. Осыған сәйкес, қалалық су жүйесін мемлекеттік-жеке меншік серіктестікке ауыстыру жұмысы 2 кезеңге жоспарланып отыр. Бастапқы кезең бойынша 2012 жылы мемлекет қарамағындағы жеке меншік серіктестікті Тараз, Атырау, Қызылорда, Семей қалаларында пайдалану жоспарлануда. 2013-2015 жылдарға жоспарланған екінші кезеңде мемлекеттік-жеке меншік серіктестік су шаруашылығы кәсіпорынын қалған 16 қалаға аудару жұмыстарын ұсынып отыр. Бірінші кезең негізінде жеке меншік капиталдың су жүйесін әзірлеу мақсатында Еуропалық қайта құру және даму банкі, Қазақстан Республикасының Үкіметі мен 4 әуе қалалары әкімдігі арасында ынтымақтастық пен ықпалдастық туралы Меморандумға қол қойылатын болады. Меморандум негізінде Еуропалық қайта құру және даму банкі сумен қамту жобасының технико-экономикалық негізінде әр Жобаның инвестициялық қызметі мен сметалық бағасын анықтау арқылы қаржыландырады. Мемлекеттік-жеке меншік серіктестік үлгісін анықтағаннан соң, байқау құжаттамасына негізделген әрбір әуе жобасына ҚР Үкіметінің шешімімен байқау өткізіледі. Яғни әлеуеттік инвесторды іріктеу арқылы қабылданған халықаралық қаржы институнының тәртібі мен ҚР заңнамасына сәйкес инвесторлар мен әкімшілік арасында ұзақ мерзімді байланыс орнатылатын болады.
1507 рет
көрсетілді0
пікір







