- TENGE MONITOR
- 26 Мамыр, 2011
Көлік өндірісінің келешегі кемелді Құралай МҰРАТҚЫЗЫ
Заманауи технологиялар мен жаңа, тың идеяларға бағытталған мемлекеттік үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы былтыр өз жұмысын бастап кеткен-ді. Бұл бесжылдық бағдарлама бірінші кезеңінің өзінде-ақ біраз істі біржақты еткені белгілі.Өткен жылдың шілде айында елімізде жаңа индустрияландырудың алғашқы зауыттары мен фабрикалары іске қосылып, тиісінше жаңа жұмыс орындары ашылды. Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасымен қолға алынған 72 жоба 12 мыңнан астам қазақстандықды тұрақты жұмыспен қамтамасыз етті. Сондай-ақ желтоқсанда тағы 80 жоба іске асырылып, білікті мамандар мен қабілетті қызметкерлер саны артты. Ел экономикасын дамытып, ақсап қалған саласын сапқа кіргізуде, халықтың әл-ауқатын – тұрмысын жақсартуда аталған жобалармен бағдарламаның берері мол. Осындай келешегінен күттірері көп жобалардың бірі – Қазақстандық Allur Avto компаниялар тобы мен «АгромашХолдинг Қазақстан» акционерлік қоғамы оңтүстікореялық SsangYong Motor Corp. корпорациясымен бірігіп, үдемелі индустриалды-инновациялық даму бағдарламасына енгізілді. “Агромашхолдинг Қазақстан” акционерлік қоғамының оңтүстік кореялық SsangYong компаниясымен бірлесіп, SsangYong маркалы жолсызбен жүре алатын автокөліктер шығарып келе жатқанына жеті айдың жүзі болды. Мемлекеттік бағдарламаға араласа бастаған отандық автоөндіріс жобасының қанаты алдағы уақытта кеңге жайылмақ. Жобаны үдетілген индустриялық инновациялық даму жөніндегі аймақтық үйлестіруші қолдап отыр. Сондай-ақ ол Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі жанындағы келісім комиссиясынан да өтті. Замануаи техникамен жабдықталған өндіріс орынында қазірде көліктің 4 түрі шығарылуда. Сондай-ақ мұның сыртында төтенше жағдай, ішкі істер органдары сияқты мемлекеттік мекемелердің техникалық қажеттілгін өтеу де жоспарда бар. Бұл жобаларды жүзеге асыру арқылы жаңа жұмыс орындары пайда болары сөзсіз. Ал қазіргі уақытта жұмыс істеп жатқан жергілікті жұмысшылар жаңадан орнатылған технологиялық желіні толықтай игеріп алған. Білікті маман мен қарқынды жүргізіліп отырған жұмыстың арқасында зауыт айына 150 көлік құрастырып отыр. Ал бір қуантарлығы – Қазақстанда жасалған бұл көліктердің өз тұтынушыларын тез арада тауып жатқаны. «Агромашхолдинг» АҚ басқарма бастығының автоқұрастыру өндірісі бойынша орынбасары Серік Рахымовтың айтуынша, Кореяда жасалатын көліктің бағасы қостанайлық үлгісінен 10 мың долларға қымбат және географиялық жағынан есептер болсақ, бір автокөліктен 600 доллар үнемделеді екен. Сондай-ақ Серік Рахымов бізде шығарылып жатқан көліктердің сапасының жоғары екеніне де ерекше тоқтала кетті. Осыдан-ақ отандық көлікөндірісінің келешегіне бағдар жасай беруге болары белгілі.
776 рет
көрсетілді0
пікір







