Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • TENGE MONITOR
  • 26 Мамыр, 2011

№ 21(193) 26 мамыр - 1 маусым 2011 жыл Ынтымақтастық көкжиегі кеңейе түспек

Қазақстанның индустриялық-инновациялық бағдарламасында Беларусь тарапымен ынтымақтастыққа елеулі орын беріліп отыр. Ақордада Беларусь Президенті Александр Лукашенкомен кеңейтілген құрамдағы кездесуден кейінгі брифингте Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осылай мәлім етті.Мемлекет басшысы: «Қазақстанның үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы Беларусь тарапын қатты қызықтырып отыр. Осыған байланысты біз оларды осы бағдарламаға қатысуға шақырып отырмыз», – деді. Айта кетейік, кеңейтілген құрамдағы келіссөздер барысында президент Александр Лукашенко Беларусь Қазақстанның Үдемелі индустриялық-инновациялық даму жөніндегі мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатқан жобаларына қатысуға ниетті екенін айтқан болатын. «Беларусь Қазақстандағы жүзеге асырылып жатқан жобаларға қатысуға қызығушылық танытып отыр. Біз Қазақстанға келіп бірлесіп жұмыс істеуге, сондай-ақ қажетті өнімдерді бірлесіп шығаруға дайынбыз. Осы арқылы біз экономикамызды өзара толықтырып отырамыз», – деп атап өтті А. Лукашенко. Елбасы сондай-ақ Қазақстан мен Беларусь мемлекеттерінің 2009-2016 жылдарға арналған экономикалық ынтымақтастық бағдарламасын іске асыру аясында екі елдің үкіметтеріне 2012-2013 жылдарға арналған бірлескен шаралар жоспарын әзірлеу туралы тапсырма берілгендігі туралы мәлім етті. «Менің ойымша, біздің бірлескен жұмыстарымыздың тізімі айтарлықтай кеңейе түспек», – деді Мемлекет басшысы. Елбасының сөзіне қарағанда, екі елдің бірлескен шараларының нәтижесінде экономикалық қарым-қатынастар бағдарламасы бойынша елеулі жобалар іске асырылды. Бүгінде белорустық кәсіпорындардың Қазақстанда 23 сервистік орталықтары, 80 бірлескен кәсіпорындары, 6 сауда үйлері жұмыс істеуде.

698 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз