Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 16 Сәуір, 2019

Париждегі құдай аналарының соборында шыққан өрт сөндірілді

Париждегі құдай аналарының соборында шыққан өрт сөндірілді. "Өрт сөндірілді. Біз қалған жердегі өрт ошақтарын қадағалап отырмыз, сондай-ақ жалын тараған жерлерді суытып жатырмыз. Өрт қайталанбауы үшін алдын-ала шаралар қолдандық", - деді Париждегі өрт сөндіру қызметінің ресми өкілі Габриэль Плюс Figaro газетіне берген сұхбатында. Париж - құдай аналарының соборындағы өрт 15 сәуірде кешкі уақытта басталды. Салдарынан ғимараттың мұнарасы құлады. Собордың көтергіші өртке оранған. Бұл өртке 400-ге жуық өрт сөндіруші жұмылған. Франция президенті Эммануэль Макрон бұл жағдайға байланысты оз ойын білдірді. Ол соборды қайтадан орнына келтіруге сөз берген. Сондай-ақ собордың есігі келушілерге алдағы уақытта да ашық болатынын мәлімдеді. REUTERS/Philippe Wojazer БАҚ өкілдерінің мәліметінше, өрт себебі соборда болып жатқан жөндеу жұмыстары болуы мүмкін. tengrinews.kz

1078 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз