Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • TENGE MONITOR
  • 01 Сәуір, 2010

Құнарлы ойдың қанаты Шәңгерей ақын Қалар ма майлы сүйек қар астында?

Бел будым жетімдікке бес жасымда,

Алайда дәулет құсы бар басымда.

Көп жылға ата-аналы болады екен,

Жас жетім ата дәулет арқасында.

Ата-анаң өліп, мүлкі болса мұра,

Көп болар жалпақтаушы өз қасында.

Тұқымы қорашылдың жұда болмай,

Қалар ма майлы сүйек қар астында?

Түлкіні құйрық атқан танымадым,

Ақ көңіл балалықтың арқасында.

Бір күнде бала дәурен басымда едің,

Туғанда жан жолдастай қасыма ердің;

Айқасқан түнде оянып тар төсекте

Асық жар мысалындай доыс едің;

Білмедім қадіріңді қолда барда,

Айырған сенен адыра нәпсім менің.

«Жеті ғасыр жырлайды» кітабынан

1051 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз