Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • TENGE MONITOR
  • 08 Сәуір, 2010

Шығыста шығын көп Алайда мемлекет апат салдарын жоюға бар күшін жұмылдырып жатыр

navodnenie4Қарапайым халықты қан қақсатқан су тасқыны жадымызда ұзақ сақталатын түрі бар. Жеті жұттың санатындағы су тажалы биыл елді бір жұтатып-ақ кетті. Су басудың салдарынан 2475 ірі қара мал, 16679 ұсақ мал және 556 жылқы өлген. Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданында 673 тұрғын үйді, 754 шаруашылық ғимаратын, сондай-ақ 42 қыстақты су басып қалды. Солардың жарымынан астамы қайта жөндеуге келмейді екен. Аймақта барлығы 3077 адам эвакуацияланды деп хабарланды. Олардың көбі су басқан ауылдарын өз күштерімен тастап шыққан көрінеді.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Шығыс Қазақстан облысындағы көктемгі су тасқынының салдарын жою мәселесі талқыланған жұмыс кеңесін өткізген болатын.Онда Премьер-Министр К.Мәсімов, Президент Әкімшілігінің Басшысы А.Мусин, Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Ө.Шөкеев, Бас прокурор Қ.Мәми, сондай-ақ Үкімет мүшелері бас қосқан-тұғын. Мемлекет басшысы биылғы қыс жылдағыға қарағанда қатал болғанын, еліміздің солтүстік және шығыс өңірлерінде аяз 30-40 градусқа дейін төмендегенін атап өтті. Аязбен қоса, қар қалың түсті.

Президент осы жағдайда Үкімет және еліміз өңірлерінің басшылары Қазақстанның елді мекендерін жылумен, энергия және сумен қамтуда ешқандай ағаттық жібермегеніне тоқталды. Шығыс Қазақстан облысы әкімінің қызметі ерекше атап өтілді, Павлодар және Алматы облысы әкімдерінің жұмыстарына оң баға берілді.

Елбасы азаматтар табиғат апатына және техногендік апаттарға байланысты кездейсоқ пайда болатын жағдайларға дайын болулары керектігін айтты. Өз баспанаңды, мүлкіңді, малыңды сақтандыру маңызды. Мемлекет тұрғын үйді қалпына келтіруге қолұшын береді, мал, мүлік сатып алуға жеңілдікпен несиелер береді. Жұмысқа қабілетті отбасы мүшелері қалпына келтіру жұмыстарына тартылып, өз отбасыларын өздері қамтамасыз ететіндей болулары тиіс. Зардап шеккендерге міндетті түрде медициналық көмек көрсетіледі, ал балалар жақын маңдағы мектептерге орналастырылады.

Гидротехникалық ғимараттарды жөндеу, көпірлерді, автокөлік инфрақұрылымын қалпына келтіру міндеті жүктелді. Мүмкіндігінше тұрғын үйлерді және инженерлік инфрақұрылымдарды қалпына келтіру жұмыстарына еліміздің барлық өңірлерін, ұлттық компанияларын және холдингілерін тарту қажет. Эпидемиологиялық жағдайды бақылауда ұстау маңызды. Мал өлімі қауіпті инфекциялардың таралып кетуіне әкеліп соқпауы тиіс. Сондай-ақ ауыл адамдарының мал сатып алулары үшін жеңілдікпен несиелер беруді ұйымдастыру қажет.

ТЖ штабы отырысында Шығыс Қазақстан облысының әкімі Бердібек Сапарбаев бүгінгі таңда 1 300 адам тұрғын үйге мұқтаж екенін - 536 үйдің қалпына келтіруге жатпайтынын айтты. Су тасқыны кезінде көшірілген 7,5 мың адамның 6007-сі үйлеріне оралды. «Бұған туыстарында тұрып жатқан адамдарды тағы қосу керек», - деді облыс әкімі. Әкім үйлерінен айырылған адамдар үй алынып болғанша, уақытша шатырларда тұратынын айтты. Барлық мектептер босатылды және жақында балалар сабақтарына кіріседі. Б.Сапарбаев шатырлар жылытылатынынына және оларда тұрмысқа қажетті барлық нәрселер: азық-түлік, төсек-орын болатынына сендірді. Бұған қоса әр отбасы мүшесіне 5 мың теңгеден материалдық көмек берілмек.

Аймақ басшысы қалпына келтіру жұмыстарына барлығы 10,2 млрд. теңге қаржы қажет екенін атап өтті. «Біз барлығын мұқият есептедік. Республикалық бюджеттен 4 млрд. 600 млн. теңге сұраймыз, оның 3 млрд. теңгесі құрылыс жұмыстарына (мұның ішінде үш мектеп пен төрт дәрігерлік емхана бар) жұмсалады.

Екінші - су басқан үйлерді күрделі жөндеуді облыс бюджеті есебінен жүргіземіз (құрылыс материалдарымен, т.б. көмектесеміз), облыс резервінен 170 млн. теңге бөлеміз, тағы 14 млн. теңге - демеушілер көмегі және 1 млрд 46 млн. теңге облыс бюджетінен жұмсалады».

«Тарбағатай, Абай аудандарының тұрғындары үшін бірден-бір күнкөріс көзі - мал, сондықтан да Үкіметтен осы мәселені шешуге баса назар аударуды сұраймыз», - деп атап көрсетті облыс әкімі.

Б.Сапарбаев ел Президентіне, Үкіметке, ТЖ, көлік және ауыл шаруашылығы министрліктеріне аймақ халқы үшін осы қиын күндерде адамдарға қолдау және жан-жақты көмек көрсеткендері үшін ризашылық сезімін білдірді.

Елбасының тапсырмасы бойынша екі күн бойы Шығыс Қазақстанда ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Өмірзақ Шукеевтің басшылығымен үкіметтік топ жұмыс атқарды.

Топтың құрамына ТЖ министрі В.Божко, Құрылыс және ТҮКШ істері агенттігінің төрағасы С. Нокин, көлік және коммуникация, ауыл шаруашылығы, қаржы вице-министрлері, «ФНБ «Самрық-Қазына» АҚ, «НУХ «КазАгро» АҚ басқарушы директорлары, «Нұр-Отан» ХДП хатшысы, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты кірді.

Топ мүшелері су тасқынынан жапа шеккен аудандарға барып қайтты.

Дәлелденген мәліметтер бойынша су тасқынынан облыста эвакуацияланған адамдардың саны бүгінгі күні 7406 құрады. Осы сәтте 6007 адам өз үйлеріне қайта оралды.

Мүмкін болатын экономикалық залалды төмендету, адам өлімін болдырмау, инженерлік құрылыстардың жаппай қирауын тоқтату мақсатында, ведомствоаралық жұмыс тобының жұмыс нәтижесі бойынша 2010 жылғы 19 наурызда Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен 2010 жылғы көктемгі су тасқыны кезеңіндегі төтенше жағжайды тоқтату бойынша бірінші кезектегі іс-шараларды жүргізуге 849 млн. тенге бөлінді.

Осы қаражат өңірлер арасында жартылай бөлінген. Жағаны бекіту жұмыстары облыстың 14 қалалары мен аудандарында жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ, мемлекеттің материалдық резервінен 366 млн. теңге сомасына тауарлық-материалдық құндылық бөлінді. Жапа шеккен әр отбасына 10 орынды жылуы бар шатыр, азық-түлік өнімдері, төсек орын, киім-кешек, сондай-ақ отбасының әр адамына 5 мың. теңге ақшалай қаражат бөлінетін болады.

Апат аймағында 356 бірлік техника және жеке құрамнан 247 адам жұмылдырылған. 1157 тұрғын үйді су басқан. 536 үй ары қарай пайдалануға жатпайды. Су басудан 2475 ірі қара мал, 16679 ұсақ мал және 556 жылқы өлген.

Бұзылған тұрғын үйлердің орнына 536 үй салу үшін 3 млрд. теңгедей қажет. Ағымдағы және күрделі жөндеуге сейсмолық күштілігімен 621 үйге 584 млн.тенге қажет.

Облыс аудандарынан ұн, қант, күріш, май және тағы басқа алғашқы қажетті азық-түлік және тауарлар түрінде көлемі 17 млн.тенгеден аса гуманиталық көмек көрсетілді.

Алдын ала бағалау бойынша қалпына келтіру жұмыстары және су басу салдарын жою үшін 10,3 млрд. теңгедей қажет, соның ішінде көлемі 4,6 млрд.теңге республикалық бюджет қаражаты, 1 млрд.теңгеден аса облыстық бюджет, ұлттық компаниялар қаражаты – 866 млн.теңге, көлік және коммуникация және ауыл шаруашылығы министрліктерінің қаражаты -1,5 млрд.теңге, ӘКК қаражаты – 1 млрд.теңге.

Облыстың үш Көкжыра, Жәнтікей, Жиделі ауылдарында құрылыстық шығыны 1,6 млрд.теңге болатын 80, 180, 600 орынды мектептер салу қажет.

4 денсаулық сақтау объектілері қайта салынатын болады, бұл Жәнтікей, Көкжыра және Архат ауылдарындағы 3 ауылдық дәрігерлік амбулаториялар, Қаратоғай ауылында құрылысына 480 млн.теңге керек.

Сәйкесінше жапа шеккен ауылдардың инфрақұрылымын және өмірмен қамтуын қалпына келтіру мәселесі шешілетін болады, бұл электр жабдықтау, сумен жабдықтау және жолдар. Қаражаттың қажеттілігі 1 миллиард теңгені құрайды.

Сондай-ақ, жоғарғы оқу орындармен қарым-қатынас жүргізілуде және жапа шеккен өңірлердің студенттерін оқу ақысын төлеуден уақытша босату бөлігінде айырықша нәтижелерге жетуде. Сондай-ақ, зардап шеккен халықтың несие алымы бар банктермен жұмыстар жүргізілуде.

Төтенше жағдайлар саласын жою бойынша ауқымды іс-шараларын тездетіп және сапалы орындау облыстың қаржылық, еңбектік және материалдық ресурстарын жұмылдыруды қажет етеді.

1441 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз