Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 05 Ақпан, 2020

Қазақстан Елшісі Ресей Президентіне сенім грамоталарын тапсырды

Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшісі Ермек Көшербаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинге сенім грамоталарын тапсырды. Өз кезегінде, Владимир Путин Ресей мен Қазақстан арасындағы қатынастарды сенімді стратегиялық серіктестік және одақтасудың үлгісі деп атады. «Екіжақты қарым-қатынас көршілес халықтарымыздың арасындағы берік тарихи, мәдени және рухани байланыстарға негізделген. Біз Қазақстан басшылығымен өзара сенімімізді жоғары бағалаймыз. Өткен жылы Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевпен тоғыз рет кездесу өткіздік және де жақын досымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевпен де тығыз байланыстамыз», - деп атап өтті Ресей президенті. В. Путин Ресей мен Қазақстанның бірлескен күш-жігерінің арқасында ЕАЭО аясындағы ықпалдастық тұрақты дамып келе жатқанын жеткізді. Оның айтуынша, екі ел арасындағы сауда-экономикалық қатынастар барлық бағыттарда, соның ішінде өнеркәсіп, энергетика және инвестиция салаларында дамып келеді. «Ресей мен Қазақстан халықаралық күн тәртібіндегі мәселелерге қатысты көзқарастарын бірлесіп үйлестіруде. Қазақстандық серіктестеріміз, білесіздер, Сириядағы ахуал бойынша үрдістерді оңтайландыру үшін Астана келіссөздерін ұйымдастыруға мүмкіндік берді», - деді В. Путин. inform.kz 

806 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз