Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 06 Ақпан, 2020

Ыстамбұлдағы ұшақ апатынан екі отандасымыз зардап шекті

Ыстамбұлдағы ұшақ апатынан екі қазақстандық зардап шекті. Бұл туралы Қазақстан СІМ баспасөз қызметі хабарлады.  Қазақстанның Ыстамбұлдағы бас консулдығының мәліметінше, 2020 жылы 5 ақпанда жергілікті уақыт бойынша 18:00-де Ыстамбұл әуежайында ұшақ апатынан Қазақстанның екі азаматы зардап шеккен. Олар Фатих Сұлтан Мехмет клиникасына жатқызылды.
 "Бас консулдық жағдайды бақылауға алды және отандастарымызға қажет көмекті көрсету үшін шаралар қабылдап жатыр", - делінген ресми хабарламада.
Еске салайық, Измир - Ыстамбұл рейсін орындаған ұшақ үшке бөлініп қалған. Соңғы мәліметтер бойынша, 3 адам қаза тауып, 179-ы жарақат алған. Ыстамбұл губернаторы Али Ерикайяның айтуынша, бортта 183 адам болған: 177 жолаушы, оның ішінде екі бала, экипаждың алты мүшесі. Алдын ала мәлімет бойынша, апат себебі - қолайсыз ауа райы. Фото: © REUTERS

645 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз