Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 07 Ақпан, 2020

АҚШ Йеменде "Әл-Каида" тобының басшысын өлтірді

АҚШ Йемендегі арнайы операция барысында "Әл-Каида" (Қазақстанда тыйым салынған) террористік тобының жетекшісі Касим ар-Римидің көзін жойды.
 "Президент Дональд Трамптың тапсырмасы бойынша Құрама Штаттары Йеменде контртеррористік операция өткізді, нәтижесінде Арабия түбегінде "Әл-Каиданы" құрған және оның лидері Касим ар-Римидің көзі жойылды", - делінген АҚШ президенті Дональд Трамптың хабарламасында.
Трамптың айтуынша, ар-Римидің өлімі "Әл-Каидаға" жасалған соққы және "бұл топтың АҚШ ұлттық қауіпсіздігіне деген қатерін жойды". "Біз америкалық халықты қорғап, бізге зиян келтіргісі келетін террористердің көзін жойып отырамыз", - деді АҚШ президенті. tengrinews.kz

592 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз