Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 07 Ақпан, 2020

Жапониядағы круиз лайнерінен коронавирус жұқтырғандар анықталды

Жапония денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, Иокогама маңында карантинде тұрған криуз кемесінде тағы 41 адамнан коронавирус табылған. Осылайша вирус жұқтырған жолаушылардың саны 61 болды. Ауруға шалдыққандардың жасы - 20 мен 80 аралығында. Олар Токио мен жақын маңдағы Сайтама, Тиба, Канагава, сондай-ақ Жапонияның орталығындағы Сидзуока префектураларындағы медицина мекемелеріне жеткізіледі. Министрліктің мәтліметінше, олардың ешқайсысында ауыр симптомдар жоқ. Коронавирус жұқтырған 41 адамның ішінде 21-і – жапон, сегізі – америкалық, бесеуі – австралиялық, тағы бесеуі – канадалық және Аргентина мен Ұлыбританиядан екі адам бар. «Diamond Princess» лайнерінің бортында 56 елден 3700-ге жуық жолаушы мен экипаж мүшелері болған. 80 жастағы жолаушыдан вирус табылған соң кеме Канагава префектурасының астанасындағы айлаққа карантинге қойылған еді.  inform.kz

671 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз