Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Басты ақпарат
  • 19 Ақпан, 2020

Кеңес Одағы кезінде пионер болғандарға Латвия өтемақы төлеп жатыр

Ұланын, ұрпағын  ойлаған ел осындай әрекет жасайды. Кеңес Одағы кезінде  Латвияда мойнына қызыл галстук тағып, омырауына төсбелгі (значок) таққандарға мемлекет зейнетақысына қоса өтемақы төлеп жатыр. Мұның себебін Латвия билігі былай түсіндіреді. «Біздің зейнеткерлер жас кезінде Кеңес Одағы тарапынан жасалынған зорлық әрекеттің құрбаны болды. Олар мойнына қызыл галстук тағып, омырауына Лениннің суреті бар төсбелгі тақты. Мұның барлығы мәжбүрлікпен жасалынды. Кеңес Одағы сөйтіп, керексіз иделогиясын латвиялық өрендерге мәжбүрлеп істеді. Біздің жас өскін  кеңестің идеологияның құрбанына айналды. Мәскеу қайдағы бір қызыл  төсбелгісімен біздің балалардың санасын улады. Сондықтан біз оларға өтемақы  төлейміз». Нақты айтар болсақ, жергілікті билік 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап, 56 евро, 2020 жылдың 1 мамырынан - 172 евро, ал 2020 жылдың 1 маусымынан бастап, 220 евро төлейтін болды. Ол үшін латвиялық зейнеткерлер жас кезінде мойнына қызыл галстук тағып, омырауына Лениннің төсбелгісі бар, сақталып қалған суретін әкеп арнайы комиссияға тапсыру керек. .. Ал біздің билік қазақтың санын өсіріп отырған көп балалы аналарға ақшасын төлей алмай әлек.

1318 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз