Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 21 Ақпан, 2020

Иран Қытайға ұшатын жолаушылар рейстерін тоқтатты

Иранның Азаматтық авиация ұйымының өкілі Реза Джафарзаде коронавирустың таралуына жол бермеу үшін Қытайға және кері қарай ұшатын барлық жолаушылар рейсінің тоқтатылғаны туралы мәлімдеді. «Қытайға ұшатын жолаушылар рейстері тоқтатылды, бірақ жүк рейстері коронавирустың таралуын болдырмау үшін Денсаулық сақтау министрлігінің бақылауында болады», - деді ол. Иран мен Қытай арасындағы тікелей рейстер 31 қаңтарда коронавирустың таралуына байланысты уақытша тоқтатылды. Еске сала кетейік, Иранның Денсаулық сақтау министрлігі ирандық Кумда коронавирустан екі адам ажал құшқанын хабарлаған болатын. Бейсенбі күні елдің Денсаулық сақтау министрлігі Иранда коронавирус жұқтырған жаңа үш жағдай туралы хабарлады. Осылайша ауру жұқтырғандар саны бес адамға жетті. Сондай-ақ Кум қаласының билігі екі адамның қаза табуына байланысты сол шаһардағы мектептер мен университеттерді жабу туралы шешім қабылдады. inform.kz

607 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз