- TENGE MONITOR
- 08 Сәуір, 2010
Құнарлы ойдың қанаты Мұсабек БАЙЗАҚҰЛЫ Пара жеп болыс қойды қалағанын
Сайлау деген елге бір бүлік болды,
Параланып әкімдер пұлға толды.
Іріктеп көріктісін пұлға сатып,
Пышаққа жарайтынын қырып болды.
Не нарлар түсті базар жетектеліп,
Шашылды ақша көшеге етектеліп.
Елдегі бұл сайлаудың бүлігіне
Ешкім шыдас берместей төтеп келіп.
Берек осы күнде момында жүр,
Мал бағып момын байғыс амалдап жүр.
Амал құмар мырзалар қарыздар боп,
Айғырдай қамшы кесті шабындап жүр.
Пара жеп болыс қойды қалағанын,
Біртіндеп алды барып және малын.
Сайлауда көп құтырған бөрі болды,
Ортаға ап оңдырмай тұр талағанын.
«Жеті ғасыр жырлайды» кітабынан

1640 рет
көрсетілді0
пікір