- АҚПАРАТ АҒЫНЫ
- 31 Наурыз, 2020
Қытайда орман өртенуде
Қытайдың оңтүстік-батысындағы Сычуань провинциясында осы күндері өршіген орман өртімен күреске 2 мыңнан астам адам аттандырылды. Жергілікті БАҚ мәліметіне сүйенсек, орман өрті Сычуань провинциясының Ляньшань-Ийск автономды округіндегі Мули уезінде 28 наурыз күні басталып, 15 гектарға жайылып үлгерді. Дүйсенбі күні кешке тілсіз жау 800 мың тұрғыны бар Сичан қаласына жақындаған. Осыған орай жергілікті билік төтенше жағдайға әрекет етудің жоғары дәрежесін енгізді. Жалынмен күреске 2 мыңнан астам адам жұмылдырылды. Онымен қоса, орман өртін сөндіру үшін жасанды жауын-шашындар шақырылатын болады.
inform.kz
1006 рет
көрсетілді0
пікір






