Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 07 Сәуір, 2020

Covid-19: Францияда рекордтық адам өлімі тіркелді

Францияда өткен тәулікте коронавирустан 833 адам қайтыс болды. Бұл елде пандемия басталған кезден бергі ең жоғары көрсеткіш болып отыр, деп хабарлайды ВВС.

Соңғы мәліметтер бойынша, Covid-19 коронавирус инфекциясының жаңа түрінен қайтыс болғандар саны - 8 911 адам, ал ауруға шалдыққандар саны - 98 010 адамға жетті. Ауруханада 605 адам, ал қарттар үйінде 228 адам көз жұмған.

«Біз бұл эпидемияның соңына дейін әлі жеткен жоқпыз», - деп ескертті елдің денсаулық сақтау министрі Оливье Веран.

Джонс Хопкинс Университетінің соңғы мәліметтері бойынша, коронавирус инфекциясынан қайтыс болғандардың саны әлем бойынша 74 мыңға жетті.

Италияда індеттен қайтыс болғандар саны қайта өсе бастады. Елде көз жұмғандар бойынша рекордттық көрсеткішке жетіп, 16 523 адамды құрап отыр. Ал пандемия құрбандарының саны бойынша екінші орында тұрған Испанияда 13 055 адам қайтыс болды.

COVID-19 жұқтырғандардың жалпы саны - 1,3 миллион.

1079 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз